"Қазгидромет" болжамынша, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қалың қар жауады.
Ал еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарында күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.
Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында боран соғады.
Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады.
Шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жел күшейеді.