AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қапшағайда 4 адам суға батып кетті

Қапшағайда 4 адам суға батып кетті

Оқиға 27.06.2022, 03:00 1,070 Almaty-akshamy
Қапшағайда 4 адам суға батып кетті
сурет: ТЖД

Екі ағайынды бала бата бастаған


Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасына шомылуға барған төрт адам көлге батып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қайғылы жағдай 26 маусымда болған.


2022 жылғы 26 маусым күні Қонаев қаласындағы, Қапшағай су қоймасында, "Голубой залив" ауданында, шомылуға арналмаған жерде төрт адам суға батып кетті (1990 ж.т. әйел, 1992 ж.т. ер адам және 2007, 2010 ж.т. екі бала.), 1954 ж.т. тағы бір әйел адам құтқарылды, барлығы туыс адамдар,-делінген хабарламада.


Су қоймасында шомылу барысында толқын көтеріліп, екі ағайынды бала бата бастаған. Оларды ағасы, тәтесі және апасы құтқаруға ұмтылған. Бірақ өкінішке қарай, тек апасы ғана аман қалды. ТЖД құтқарушылары екі бала мен ер адамның денесін судан алып шықты.


Алматы облысы әкімінің қаулысына сәйкес, Қонаев қаласында құтқарушылар кезекшілігі ұйымдастырылған 7 қалалық жағажай бар, сондай-ақ олар құтқару мұнараларымен және шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті құралдармен жабдықталған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан арнайы жабдықталған орындарда ғана суға шомылуды, жүзе алмасаңыз суға белден жоғары түспеуді, балаларды су жанында қараусыз қалдырмауды, су жанында демалу кезінде спирттік ішімдіктерді ішпеуді және толқындар мен дауылды ауа райында суға шомылмауды сұрайды.


Естеріңізге сала кетейік, Конаев қаласында 7 қалалық жағажай бар, олар құтқару мұнараларымен жабдықталған, құтқарушылардың кезекшілігі және шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті құралдармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар қалада 140-қа жуық жеке демалыс орындары бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қапшағай #су #қаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);