AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / «QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL» коллекциялық монеталары...

«QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL» коллекциялық монеталары сатылымға шықты

Қаржы 23.07.2024, 15:42 1,309 dulatbekova
«QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL» коллекциялық монеталары сатылымға шықты
Сурет: Қазақстан Ұлттық банкі

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РМУ Алматы қалалық филиалы 2024 жылғы 24 шілде «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монетасының сатылуы туралы хабарлайды.

«Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монетасын сату Ұлттық Банктің https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Алматы қалалық филиалына сілтеме жасап. 

Қаныш Сәтбаев – кеңестік геолог-ғалым, ғылым және қоғам қайраткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.

 Номиналы 2 000 теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Бұл ірі кен орнын Қ. Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған

Монеталар:

- биколорлы (дискісі – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 34 грамм, сақинасы – танталдан, массасы 40 грамм), монетаның массасы – 74 грамм, диаметрі – 50  мм, сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;

Биколорлы монетаның бейнесі 

 

- мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5000  (бес мың) дана.

 

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

 

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.

Пайдаланушы үшін «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасы да жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Онда монеталарға қысқаша сипаттама беріліп, сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген. Яғни, ҚҰБ шығаратын монеталар туралы ақпарат толықтай қамтылған. Жекелеген монеталар бойынша бейнероликтерге, монеталардың 3D-суреттеріне, сондай-ақ толықтырылған шынайылық элементтеріне сілтеме берілген.

Мобильді қосымшаны PlayMarket пен AppStore дүкендерінен жүктеп алуға болады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есте қалатын оқиғалар #біртуар адамдар #Қаныш Сәтпаев #Монета
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

Бүгін 15:51

Президент ЖИ саласындағы негізгі мемлекеттік жобаларға тоқталды

Бүгін 15:25

Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 15:14

ДСМ тегін дәрілер тізімін жаңартты

Бүгін 15:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ»

Бүгін 14:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);