Қанттың бәрі мұнай өнімдерінен жасалатыны рас па?

Қанттың бәрі мұнай өнімдерінен жасалатыны рас па? Сурет: Stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде бүгінде қант мұнай өнімдерінен синтезделетіні туралы видео талқылануда. Автордың айтуынша, қант қызылшадан 80 жылдан бері өндірілмейді, қазір оны тек мал азығы үшін ғана өсіреді. Ал құрақ қант қажетті көлемде жеткізілмейді екен.

Stopfake.kz бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ресейлік омарташы Иван Халилов қант өндірісіне қатысты өз пікірін білдірді. Удмуртиялық кәсіпкер бірнеше жылдан бері бал жасаумен айналысып келеді. Оның пікірінше, әлемдегі «ең үлкен мафия – қант мафиясы. Ол қантқа тек бал ғана табиғи балама бола алады дейді. Оның қанттың зиянын айта келе, өз өнімін неге насихаттайтынын осыдан түсінуге болады.

Халилов басқа да жағымсыз мәлімдемелер жасаған. Мысалы, ол әйелдерге білім қажет емес деп санайды.

«Әйел ас үйде болуы керек, сонда ғана ол бақытты болады», – дейді кәсіпкер.

Айтуынша, оның үш әйелі және сегіз баласы бар.

Сондай-ақ, Халилов «мектептер балаларды азғындайды» дейді. Ал өзі ауырып, сабақтың көп бөлігін өткізіп алған және мұны өзінің артықшылығы деп санайды.

Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде қанттың түр-түрін кездестіруге болады: құрақ қанты, қоңыр, ақ тазартылған және тазартылмаған, қызылшадан, пальмадан, үйеңкіден алынған қант. Оны өндіруге екі басты өсімдік негіз болады: қант қамысы және қант қызылшасы. Олардың арасындағы басты айырмашылық – өсіру жағдайлары мен технологиялық процестің ерекшеліктері. Қамыс жылы және ылғалды климатты қажет етеді, ал қызылша қоңыржай ендіктерге жарамды.

Қазақстанда қант қызылшасы негізінен Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында өсіріледі. «АӨК-Информның» хабарлауынша, 2024 жылы елімізде шамамен 1,3 млн тонна қызылша жиналып, 243,2 мың тонна қант өндірілген.

Қантты мұнай өнімдерінен синтездеуге болады, бірақ бұл қымбат және қиын. Мұнай этилен және пропилен сияқты компоненттерді алу үшін қайта өңделеді. Олардан қант құрылымына ұқсас заттарды синтездеуге болады. Бұл процесс бірнеше кезеңді қамтиды, соның ішінде мұнайды кішірек фракцияларға өңдеу, содан кейін соңғы өнімді алуға арналған химиялық реакция.

2024 жылы неміс ғалымдары поролон өндірісінде мұнайдың орнына қант қолдануды ұсынды. Алайда, кейбір сарапшылар бұл технологияның экологиялығына күмәнданып, бұл өнеркәсіптік ауыл шаруашылығының өсуіне және топырақ пен су ресурстарына қосымша жүктеме болуы мүмкін екенін атап өтті. Ал мұнайды қантпен алмастыруды талқылау фактісі қанттың мұнайдан емес, өсімдік шикізатынан алынатынын тағы да растайды.

Иван Халиловтың біз тұтынатын қанттың мұнай өнімдерінен жасалатыны туралы мәлімдемесі фактілерге қайшы келеді және ешқандай дәлелдермен расталмайды. Мұнай өнімдерінен қантқа ұқсас заттарды алуға болады, бірақ бұл процесс өте күрделі және қымбат. Іс жүзінде қант өсімдіктерден алынады: қант қамысынан және қант қызылшасынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:10

14:00

13:25

12:44

12:00

11:55

11:17

11:14

11:00

09:59

09:55

09:44

09:00

20:34

17:56

17:42

17:38

17:25

17:23

17:15

17:05

16:46

16:31

16:15

16:08