ffin.kz

Қаңтар оқиғасы туралы кітаптың тұсауы кесілді

Қаңтар оқиғасы туралы кітаптың тұсауы кесілді Сурет: Ашық дереккөз

Кітапты жазу кезінде автор Қазақстанға барып, тікелей куәгерлермен, оқиғаларға қатысушылармен жеке кездескен.


Ресейдегі Қазақстан елшілігінде Леонид Млечиннің «Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» кітабы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Жиынның ашылуында Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев келушілерге 2022 жыл миллиондаған қазақстандықтар үшін әдеттегідей өмір салтын өзгерткен, олардың өмірін «бұрын» және «кейін» деп бөлген оқиғалармен есте қалғанын айтты.



«Біз еліміздің тәуелсіз даму тарихындағы аса қайғылы сәтті бастан өткердік. Шын мәнінде, республиканың мемлекеттілігі мен егемендігіне қатер төнді», - деді Ермек Көшербаев.



Дипломатиялық өкілдік басшысының айтуынша, соңғы айларда БАҚ пен блогосферада көптеген мақалалар мен жарияланымдар шыққан, бірақ шын мәнінде қаңтардағы оқиғалардың себептері мен жағдайларын терең түсінуге әрекет болған жоқ. Бұл олқылықты өзінің зерттеуінде әйгілі ресейлік журналист, публицист Леонид Млечин толтыруға тырысқан.



«Кітапты жазу кезінде автор Қазақстанға барып, тікелей куәгерлермен, оқиғаларға қатысушылармен жеке кездескен, құжаттарды зерттеп, болған оқиғаның айқын бейнесін жасау үшін оқиға орындарына барған. Оқырмандар кітаптан бұрын көпшілікке жарияланбаған көптеген фактілерді біле алады», - деді ҚР елшісі.



Автордың айтуынша, бұл кітап сол кезеңдегі оқиғаларды сипаттаудан, қатысушылармен және куәгерлермен – полицейлермен, тұзаққа түскен адамдармен, зардап шеккендермен және керемет батылдық танытқандармен сұхбаттан құралған.



«Қаңтар айындағы оқиғалар орасан зор маңызға ие, өйткені Қазақстан бізге көрші, серіктес, одақтас және дос мемлекет. Біз Қазақстанда бәрі жақсы болатынына өте мүдделіміз. Бұл оқиғалар Орталық Азиядағы ең тұрақты мемлекетте болды. Бұл елде кенеттен не болғаны өзіме де қызық болды. Екіншіден, адамнан өркениеттің осындай жұқа қабаты қандай жылдамдықпен түсетініне таң қалдым. Алматыда маған айтқан оқиғалар, сол кезде адамдардың басынан өткергені мені таң қалдырды. Үшіншісі, Қазақстанның тағдыры бір адамға, ел Президентіне байланысты болды», - деді Леонид Млечин.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07