Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаңтар оқиғасы: Президентке зардап шеккен нысандар...

Қаңтар оқиғасы: Президентке зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру шаралары туралы баяндалды

Әлеумет 23.05.2022, 12:35 1,132
Қаңтар оқиғасы: Президентке зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру шаралары туралы баяндалды
Cурет: Ақорда

Импорт алмастыруға бағытталған 700 маңызды инвестициялық жоба даярланды


Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысына министрліктің жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.


Президентке қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін қабылданған шаралар туралы баяндалды. Министрлік соңғы 3 жылда пайдалануға берілген тұрғын үйлерге тексеріс жүргізіп, статистикалық деректерді анықтады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, құрылыс нарығын монополиядан арылту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде шаралар топтамасын әзірледі. Сондай-ақ баспанасы жоқ, жағдайы нашар азаматтарды қолдауға бағытталған жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бүгінге дейін аталған бағдарлама бойынша 2,5 мың өтінім мақұлданды.


Министрдің айтуынша, өнеркәсіп саласында импорт алмастыруға бағытталған 700 маңызды инвестициялық жоба даярланған. Арнаулы экономикалық аймақтар жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде шешімдер қабылданған. Пайдалы қазбалар кен орындарының бәріне тексеріс жүргізілген. Қазіргі уақытта 118 лицензияның қызметі тоқтатылған. 57 келісімшарт үзілген. Жер қойнауын пайдаланушыларға олқылықтарды жою үшін 73 ескертпе жолданған. Тау-кен және металлургиялық кәсіпорындармен бірлесіп, орта және жоғарғы шектеулі өңдеуші өнімдер өндірісін өркендету үшін кешенді шаралар әзірленген.


Сонымен қатар министрлік еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және кеден логистикасы саласына ірі халықаралық компанияларды тарту үшін ауқымды жұмыстар жүргізді.


Қайырбек Өскенбаев республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғырту, жөндеу және салу жұмыстарына да арнайы тоқталды.


Президент еліміздің күре жолдары құрылысына қатысты мәселенің стратегиялық маңызы бар екенін атап өтіп, оның айрықша бақылауда болатынын еске салды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажет екеніне назар аударып, министрге бірқатар нақты тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қаңтар оқиғасы #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23

Алматы қаласының Ботаникалық бағында танымдық эко-тренинг өтті

Бүгін 17:18

Мобильді аударымдар тексеріледі: нені білу керек?

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика