AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаңтар оқиғасы кезінде кісі өлтірген инкассатор се...

Қаңтар оқиғасы кезінде кісі өлтірген инкассатор сегіз жылға сотталды

Әлеумет 07.02.2023, 15:30 919
Қаңтар оқиғасы кезінде кісі өлтірген инкассатор сегіз жылға сотталды
Сурет: Ашық дереккөз

Инкассаторлар тонаушыларды өз бетінше ұстауға тырысқан


7 ақпанда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтар оқиғасы кезінде ақша айырбастау пункттерінің бірінің жанында кісі өлтірді деген күдікке ілінген Ілияс Байдуалиевке қатысты үкім шығарды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Бұған дейін Ілияс Байдуалиевке қасақана кісі өлтірді деген айып тағылған еді.


Айыпталушының қорғаушысы Алма Мусинаның айтуынша, инкассаторлар тонаушыларды өз бетінше ұстауға тырысқан. Олар полицияға хабарласу мүмкін болмаған соң, ұсталғандардың құжаттары мен телефондарын алып, құқық қорғау органдарына мүмкіндігінше тезірек беру үшін көлігін базаға шығару туралы шешім қабылдаған. Бір сәтте ұрылардың бірі әрі жәбірленуші Нығметжанов қашып кетуге тырысып, сүрініп құлаған. Байдуалиев оны құлаған орнынан тұрғызбақ болған кезде абайсызда оқ атылған. Кейін Қалежан Нығметжанов 6 қаңтарда ауруханада қайтыс болғаны анықталды.


Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша айып тағылды.



«Қылмысты зерттеу кезінде сотқа дейінгі тергеу барысында да, сотта да барлық дәлелдер ескерілді. Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 15-тармағының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша прокурордың ұстанымымен келіспеді. Айыптау қорытындысында Байдуалиев оны атып өлтіруге әдейі шешім қабылдағаны және жәбірленуші қылмыс орнында қайтыс болғандығы нақты көрсетілген. Бұл куәгерлердің айғақтарымен және дәрігерлердің қорытындысымен дәлелденді. Сот кісі өлтіру абайсызда болғанын жоққа шығарды», - деді Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов.



Сот кінәні ішінара мойындау түріндегі кінәні жеңілдететін мән-жайлардың болуын, Байдуалиевтің асырауында жас балалардың болуын және Нығметжановтың заңға қайшы мінез-құлқын ескерді. Инкассатор 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #Инкассатор #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50

Алматыда БАҚ өкілдері футболдан бақ сынады

Бүгін 15:12

Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Бүгін 14:09

Алматыда тротуарлар арнайы тазартқыш құралдармен жуылып жатыр

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика