AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / «Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпар...

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат министріне депутаттық сауалы жолдады

Саясат Бүгін 15:04 47
«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат министріне депутаттық сауалы жолдады
Видеодан кадр

Цифрлық мемлекет жағдайында бұл мәселе жаңа мазмұнға ие болуы тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Әділет» партиясы фракциясының депутаттық сауалы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.О. Қырықбаевқа жолданады.

Құрметті Арман Оразбайұлы!

Президент реформалары елдің саяси, экономикалық және қоғамдық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруды көздейді.

Алайда жаңа заңдар мен жаңғырған мемлекеттік институттардың өзі жеткіліксіз. Реформалардың орнықтылығы қоғамдағы ортақ құндылықтарға, азаматтардың заңға құрметіне, мемлекетке деген сенімі мен жеке жауапкершілігіне байланысты.

Осы уақытқа дейін біз конституциялық құндылықтарды құқықтық тұрғыдан бекітуге, қорғауға және оларға кепілдік беруге басымдық бердік. Ендігі міндет – сол құндылықтарды азаматтың санасына, мінез-құлқына және күнделікті өміріне орнықтыру. Өйткені Конституцияның қуаты оның нормаларының сақталуымен ғана емес, ондағы құндылықтардың азаматтың ішкі ұстанымына айналуымен де өлшенеді.

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған әділет, заңға бағыну, жауапкершілік, еңбекқорлық, прогресс және патриотизм қоғамдық қатынастардың нақты қағидаларына айналуы тиіс. «Заң және Тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» бастамаларын да бір-бірінен бөлек науқандар емес, ортақ құндылықтар жүйесінің құрамдас бөліктері ретінде қарастырған жөн.

Әлемдік тәжірибе де конституциялық мәдениеттің тек құқықтық нормалар арқылы қалыптаспайтынын көрсетеді. Германияда конституциялық құндылықтарды қорғау демократиялық құқықтық мемлекеттің маңызды негіздерінің бірі ретінде қалыптасқан. Сингапур ұлттық бірегейлік пен азаматтық жауапкершілікті ортақ құндылық ретінде білім беру жүйесі арқылы орнықтырады. Финляндия азаматтық білім, медиасауаттылық пен сыни ойлау арқылы ортақ құндылықтардың күнделікті өмірде көрініс табуына мән береді. Бұл тәжірибелерге ортақ қағида – құндылықтарды декларация немесе ұран деңгейінде қалдырмай, мемлекеттік саясат пен қоғамдық өмірдің нақты мазмұнына енгізу.

Цифрлық мемлекет жағдайында бұл мәселе жаңа мазмұнға ие болуы тиіс.

Осыған байланысты:

1. Конституциялық құндылықтарды қоғамда орнықтырудың мазмұны мен тәсілдерін жаңартып, оларды білім беру, мәдениет, БАҚ және цифрлық коммуникация салаларында іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеуді;

2. Конституциялық құндылықтардың қоғамдық санада қаншалықты орныққанын, азаматтардың оларды қалай қабылдайтынын және күнделікті мінез-құлқында қалай көрініс табатынын тұрақты зерделейтін ғылыми-сараптамалық жүйе қалыптастыруды;

3. Конституциялық құндылықтарды ішкі саясаттың барлық бағыттарына енгізудің бірыңғай тәсілін әзірлеп, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жоспарлау және бағалау кезінде олардың құндылықтық мазмұны мен қоғамға ықпалын міндетті өлшем ретінде белгілеуді ұсынамын.

Депутаттық сауалға заң талаптарына сәйкес мерзімде жауап жолдауыңызды сұраймыз.

«Әділет» партиясы фракциясының депутаттары

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының лауазымына үміткерді ұсынды

Бүгін 15:45

Алматының Алатау ауданында қандай абаттандыру жобасы жүзеге асады

Бүгін 15:45

Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді

Бүгін 15:43

Almaty Marathon: 27 қыркүйекте Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 15:38

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту министрлеріне депутаттық сауал жолдады

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);