ffin.kz

Қаңтар оқиғасы: Алматыдағы 1640 кәсіпкер өтемақы алып үлгерді

Қаңтар оқиғасы: Алматыдағы 1640 кәсіпкер өтемақы алып үлгерді Сурет: Ашық дереккөз

Өтініш қабылдау жыл соңына дейін жалғасады


Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде шығынға ұшыраған кәсіпкерлердің басым бөлігі өтемақы алып үлгерді. Оларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен және түрлі ұйымдардың қолдауымен 16 млрд теңгеден астам қаржы төленген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Қаңтар қырғыны кезінде Райымбек батыр даңғылында қаскөйлер жолды бөгеп, көлік қатынасын қиындатқан еді. Олардың сол кездегі мақсаты - сауда үйін қиратып, тонау еді. Солай болды да. Есікті сындырып кіріп, бағалы заттың бәрін қолды қылған.


Сауда үйінде күнделікті сатып отырған тауарынан айырылғандардың бірі – Айнұр Адамбекова. Ү баласының нәпақасын осы кәсіппен тауып отырған ол бастапқыда қиналғанын айтады. Кейіннен мемлекет оларды қараусыз қалдырмады. Өтемақы алып, аз уақыттың ішінде кәсібін қайта жандандырды.



«3 млн-ға дейін товар ақшасы қайтарылады деді. Сосын чегін шығарып бердік. Үкімет 1 млн қосымша көмек берді. Сонымен барлығы 4 млн алдым. Риза болдық. Жұмысымызды қайта бастадық», – деді жеке кәсіпкер Айнұр Адамбекова



Алматыда жыл басынан бері Айнұр секілді 1640 кәсіпкер өтемақы алып үлгерген. 616 шағын және орта бизнес иесі «Жаңа Алатау» қоры арқылы ақша алса, қалғанына жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленді. Оның жалпы құны 16 млрд 180 млн теңгеден асады. Мамандар қаңтар кезінде шығынға ұшыраған кәсіпкерлерден өтініш қабылдау жыл соңына дейін жалғасатынын айтады.  



«Өтініш info.kazakhstan сайты арқылы беруге болады. Кәсіпкерге ешқайда барудың қажеті жоқ. Өзінің ЭЦП кілті арқылы кірсе, барлық құжат тізімде көрсетілген. Қалған кәсіпкерлер материалдарын сот экспертизадан тездетіп өткізіп, құжаттарын тапсыру керек. Аймақтық комиссия өз жұмысын жыл соңына дейін жалғастырады», – деді Алматы қалалық «Атамекен» ҰКП Медеу ауданы филиалының директоры Айбек Қазыкенов.  



Зардап шеккен бизнесмендерге тек өтемақы беріліп қана қоймай, қалалық кәсіпкерлік басқармасы жеңілдетілген пайызбен несие де беріп жатыр. Шағын және орта бизнес иелері бар болғаны 2 пайызбен 10 млн теңгеге дейін ақша ала алады. Сондай-ақ бастапқы 6 айға дейін олар салық пен қосымша айыппұлдардан да босатылады екен.



«Қазір қаңтар оқиғасы кезінде шығынға ұшыраған кәсіпкерлердің 99 пайызы өтемақыларын алып үлгерді. Ал өтемақыдан бөлек, несиеге келер болсақ, ол «Алматы Бизнес-2025» бағдарламасы арқылы беріледі. Ол үшін қала бюджетінен 6 млрд 300 млн теңге қарастырылған», – деді кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бөлім басшысы Әділ Жанкин.



Айта кетейік, қаңтар қырғыны кезінде республика бойынша шығынға ұшырап, ең көп зардап шеккен ғимараттың басым бөлігі осы мегаполисте еді. Бір айдың ішінде кәсіпкерлердің басым бөлігі өтемақы алып, аз уақытта қала тіршілігіне қан жүгірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04