AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қаңтар айында талапкерлердің 70%-ға жуығы шекті ба...

Қаңтар айында талапкерлердің 70%-ға жуығы шекті балл жинады

Білім және ғылым 24.02.2022, 10:37 1,885
Қаңтар айында талапкерлердің 70%-ға жуығы шекті балл жинады
Сурет: Egemen.kz

Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 20%-ға жоғары.


Ал орташа көрсеткіш 7%-ға артып, шамамен 68 балды құрады. Ең жоғары балл 135 болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Министрліктің мәліметінше, қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге барлығы 102 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде түлектердің 78,3%-ы қазақ тілінде, 21,5%-ы орыс тілінде, 0,16%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Қаңтар айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 99 бала қатысты.


Былтыр осы кезеңде көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған 33 талапкер тест тапсырған болатын. Айта кететіні, биыл алғаш рет ерекше қажеттігі бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт берілді. Сонымен қатар осы түлектер үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз және схемаларсыз тест нұсқалары арнайы әзірленді.



«Қаңтардағы ҰБТ биылғы 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында 42 өңірлік тестілеу орталығында өтті. Тестілеу осымен екінші жыл қатарынан электронды форматта жүргізіліп келеді. Тестілеу кезінде талапкерлер сұрақтарға қайта орала алады және қағаз бланк толтыруға уақыт жұмсамайды. Осылайша, ҰБТ нәтижелері жақсарып, орташа балл айтарлықтай өсті. Сондай-ақ электронды формат тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Орнатылған камералардың арқасында тестілеу кезінде ереже бұзу фактілері де айтарлықтай азайды. Түлектердің басым бөлігі өзіне және өз біліміне сенетіні қуантады», – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #Қаңтар айы #жоғары көрсеткіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);