Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қант қосылған сусындарға қосымша салық салынуы мүм...

Қант қосылған сусындарға қосымша салық салынуы мүмкін

Әлеумет 22.02.2024, 12:08 1,173
Қант қосылған сусындарға қосымша салық салынуы мүмкін
Сурет: almaty-akshamy.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова қант қосылған тәтті сусындарға акциздік салық не үшін қажет екенін түсіндірді.


Денсаулық сақтау министрлігі қант қосылған сусындар үшін қосымша акциз енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Оның айтуынша, бұл елде семіздік және қант диабетімен ауыратындар санының артуымен байланысты. Әсіресе, семіздікке шалдыққан балалар көбейіп барады.


- Артық салмақ болашақта созылмалы аурулардың дамуына әкеледі. Қателеспесем, 0,5 мл коланың құрамында қанттың 10 тәуліктік дозасы бар. Демек, бала тәтті сусынды ішкеннен кейін он еселік қажеттікті алады. Сонымен қатар қант барлық дерлік өнімнің құрамында болатынын білеміз, — дейді Айжан Есмағамбетова сенат кулуарында.


Оның айтуынша, тәтті сусындарға акциз енгізуді денсаулық сақтау министрлігі ойлап тапқан жоқ. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы. Мұндай акциз көптеген елде бар.


- Қант қосылған сусындарға салық салу – тұтынуды азайтуға септігін тигізетін шаралардың бірі. Әрине, бұл шараға қосымша таңбалау енгізіледі, міндетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және ең бастысы – баланың дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыратын ата-аналармен жұмыс жүргізіледі. Тамақтану әдеті балаларда бес жасқа дейін қалыптасады, — дейді вице-министр.


Айжан Есмағамбетова бұл бастамаға сусын өндіретіндер қарсы екенін айтты.


- Бұл қалыпты жағдай. Өйткені акциз өндірушілерге қосымша салмақ салады. Бірақ біз бизнес пен халықтың денсаулығы арасындағы балансты сақтауымыз керек. Себебі, тағы қайталап айтамын, балалар арасында сырқаттанушылық өсіп барады. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі дұрыс тамақтану позициясында қалады, — деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сусын #денсаулық #семіздік #Газды су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика