Бағыты айқын жан биікті бағындырады
Көбіміз соңғы уақыттары тіршіліктен бас алмаймыз. Күндіз-түні жұмыстамыз. Бір-бірінен жалғасып жатқан қым-қуыт тірлік. Арасында тынығып демалуды ойлаймыз. Дегенмен кейде оған уақыт бөле алмай далмыз. Оның да өз шешімі бар. Біздер бірқатар ойларды талдап көрдік. Соның бірқаншасын назарларыңызға ұсынамыз.
Сүйікті ісіңізге жақындаңыз. Қытай елінің ұлы ойшылы Конфуций «Өзіңізге сүйікті іс таңдаңыз, сонда өмір бойы жұмыс істемеген адам сияқты ғұмыр кешесіз» дейді. Философтың сөзінің жаны бар. Онымен толық келісуге болады. Қазір не көп, тренниг, мотиваторлар көп. Тіпті бір-бірін көріп, көз шалынады, құлақ жауыр болатын деңгейге де жетіп қаласыз. Сол себепті, Құң ұстаздың сөзіне бір сәт зер салған абзалырақ. Арада қаншама дәуірлер жылжысада, өз құндылығын жоймады.
Көбіміз ой түбінде жүреміз. Бірді екіге, екіні үшке жалғағымыз келеді. Қайтсек, жеткіземін қағидасын ұстанамыз. Десекте, одан гөрі өзімізге көңіл аударған жөн. Егер, мақсат айқын, атқарар ісіңізге нық сенім болса, қалғаны өз ретімен келмек. Бастысы, бағытыңыз айқын болсын. Бүгіндері бизнеспен шұғылданатындар көбейді. Ол – жақсы-ақ. Дегенмен, кәсібін өрге домалату үшін де білім қажет. Оны сырттан емес, жүрек түпкірінен қараған дұрыс. Анығы әркімнің өзіне ғана аян. Біреулер менеджер, маркетолог, енді бірі психологиялық жаттығулармен айналысады. Қысқаша айтқанда жоспарлы қарекет ете білген жан жол таба алатыны айқын.
Көңіл шкаласы биік болсын! Осы сөзді текке айтпадық. Әрдайым ұн-жұрғамызды құлатпайық. Бәрі шешіледі. Барлығы түзеледі. Осы алтын ойларды ақкөңіл Аманхан Әлім ағамыз жиі айтатын еді. Қаламы қарымды журналист әрі ақынның сөзінде терең мән-мағына жатыр. Қарап тұрсаңыз өмір адам баласына бір рет берілген. Сондықтан қанатыңыз әрдайым талмасын.
Түйін. Халқымыздың «жақсы сөз – жарым ырыс» дейтін пәлсапалық сөзінен артық ешқандай теңеу жоқ. Осы арқылы әр уақытта, еңсені биік ұста дегенді айтпақшы. Бізде аталы сөзге қосылдық деп тізгінді тарттық. Өзіне сенген жан, асқаралы асуды бағындырады.