Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қалыңдық ұрлау – ауыр қылмыс: Қазақстанда жаза күш...

Қалыңдық ұрлау – ауыр қылмыс: Қазақстанда жаза күшейтілді

Заң мен тəртіп 18.07.2025, 16:49 770
Қалыңдық ұрлау – ауыр қылмыс: Қазақстанда жаза күшейтілді
Сурет: informburo.kz
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды.
 
Жаңа нормаларға сәйкес, енді қалыңдық ұрлау – яғни, некеге тұру мақсатында адамды еркінен тыс алып қашу – ауыр қылмыс ретінде қарастырылады және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Қылмыстың ауырлығына қарай үш деңгейлі жаза қарастырылған:
• 1-бөлік – зорлық-зомбылықсыз алып қашу: 2000 АЕК-ке дейін айыппұл (~7,8 млн теңге), түзеу жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
• 2-бөлік – күш қолдану немесе қорқыту арқылы алып қашу: 5000 АЕК-ке дейін айыппұл (~19,6 млн теңге), 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
• 3-бөлік – денсаулыққа ауыр зиян келтіру немесе өлімге әкелген жағдайлар: 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
 
Сонымен қатар:
• Некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді — күш қолдану, материалдық тәуелділік немесе қызметтік өкілеттікті пайдалану арқылы;
• Сталкинг – адамды заңсыз қудалау мен бақылау – үшін де жаза белгіленді;
• ҚР ҚК 125-бабындағы ескертпе алынып тасталды: енді жәбірленушіні өз еркімен босатқан адам да қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды.
 
Бұл өзгерістер Қазақстанда мәжбүрлі некенің алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылданды және қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне «нөлдік төзімділік» қағидатын орнықтыруға бағытталған.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қыз алып қашу #заң #Жаза #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика