AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026...

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Білім және ғылым 26.03.2026, 17:56 222
Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» XI өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Білім басқармасы ұйымдастырған үш күндік турнир 25 наурызда «Атакент» ҚІЫО аумағындағы №11 павильонда, сондай-ақ қала колледждерінің базасында басталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Чемпионатқа 470-тен астам колледж студенті қатысуда. Олар 7 бағытқа біріктірілген 57 құзыреттілік бойынша сынға түсіп жатыр. Байқау жұмыстарын 500-ден астам сертификатталған сарапшы бағалап отыр, олардың үштен бірі жұмыс беруші кәсіпорындардың өкілдері.

Жарыстың екінші күні Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты. Ол сайыстың өту барысымен танысып, қатысушылармен және сарапшылармен әңгімелесті. Сондай-ақ, студенттердің құрылыс, ақпараттық технология, дизайн және өзге де бағыттар бойынша шеберліктерін көрсетіп жатқан алаңдарды аралады.

Ертең, 27 наурызда, жарыстың соңғы күні өтеді. Чемпионатты салтанатты түрде қорытындылау және жабылу рәсімі 30 наурыз күні сағат 15:00-де Оқушылар сарайының акт залында (Достық даңғылы, 114) ұйымдастырылады. Жеңімпаздар қараша айында Астанада өтетін WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық кезеңінде Алматы қаласының намысын қорғайды.

Чемпионат Мемлекет басшысы жариялаған Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында өтіп, жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге және адами капиталды дамытуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Щучинсктегі дәмхана жарылысы: қаза тапқандар саны 12-ге жетті

Бүгін 12:23

Қарағанды ауруханада бала көз жұмды: министрлік мәлімдеме жасады

Бүгін 11:37

Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты

Бүгін 09:36

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:10

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика