Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаламыздағы жақсылық жаршылары марапатталды

Қаламыздағы жақсылық жаршылары марапатталды

Әлеумет 15.10.2024, 15:13 869
Қаламыздағы жақсылық жаршылары марапатталды
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев
 
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Алматы тұлғалары» жобасы аяқталып, марапаттау рәсімі өтті.
 
Жобаның мақсаты — өз саласында жетістікке жеткен тұлғалардың үлгісімен табыстылық идеяларын насихаттау және ілгерілету.

— «Алматы тұлғалары» жобасының басты мақсаты — мақсаты айқын азаматтарды анықтау және қолдау. Біз осындай талантты әрі үлгілі адамдарымыз бар екеніне мақтанамыз. Олардың қала дамуына қосқан үлесін ынталандыру өте маңызды деп санаймын. Әрқайсымыз Алматыны жақсарта алатынымызды түсінуіміз керек. Бұл байқау — тұрғындарға өз жетістіктері мен бастамаларын үлгі ретінде көрсетуге тамаша мүмкіндік. Байқау алғаш рет 2022 жылы өткізілді және қала тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды. Бізге көптеген өтініштер келіп түсті, бұл бастаманың сұранысқа ие екенінің көрінісі. Биыл жобаны қайта өткізуге шешім қабылдадық, өйткені біз табысқа жетуге ұмтылатын және өз тәжірибесімен бөліскісі келетін адамдарды қолдауды жалғастырамыз, — деді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының арнайы жобаларды іске асыру бөлімінің жетекшісі Әсел Ерболатова.

«Алматы тұлғалары» жобасы аясында жетістік пен табыс идеяларын насихаттап, сүйікті қаламыздың дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан қала тұрғындарынан 100-ден астам өтінім түсті. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, туған қаласының игілігі үшін еңбек етіп жүрген, ортақ адамгершілік құндылықтарды насихаттаған жобаға конкурстық комиссия арқылы іріктеліп, үздік деп танылған 5 тұлға «Ұрпақ тәлімгері», «Ұлағатты ұстаз – үздік шәкірт», «Қайырымды кәсіпкер», «Үздік бағбан – үлгілі азамат», «Үздік волонтер – мейірімді жан» номинациялары бойынша марапатталды. Сонымен қатар, байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаздар қатарында ҚР Мәдениет қайраткері Гүлшара Есетқызы жобаның маңыздылығын атап өтті:

— Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы ерекше жобалар жасап жатыр. Бұл дамушы қоғам үшін өте маңызды. Жоба — еңбегі еленбей жүрген, қаламыздың әртүрлі сала қызметкерлеріне назар аударатын бастама. Алдағы уақытта да көптеген жобалар болады деп үміттенемін, — деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы тұлғалары #Алматы #қайырымдылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Бүгін 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Бүгін 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика