ffin.kz

Қаламызда қандай көшелер жөнделеді?

Қаламызда қандай көшелер жөнделеді? Сурет:Kolesa.kz

2022 жылы қалалық мобильділік басқармасы ұзындығы 57 шақырым болатын Алматының 19 магистраль көшесін жөндеуді жоспарлап отыр.


Алматы әкімдігі жазда жөндеуді жоспарлап отырған ірі көшелер тізімін жариялады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Басқарма мәліметінше, жөндеу жұмыстары барысында бордюрлер жартылай ауыстырылады және жол жабыны жаңартылады.


Алматыда 2022 жылы мына магистраль көшелер жөнделеді:



  1. Шығыс айналма автомобиль жолы (Иштван Қоңыр көшесінен Жарбұлақ өзеніне дейін), жөндеу жұмыстары 2010 жыл бұрын жасалған.

  2. Саин көшесіндегі (Жандосов көшесінен Райымбек даңғылына дейін) көлік айрығы, 2014 жылы жөнделген.

  3. Абай даңғылы (Саин көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейін), 2009 жылы жөнделген.

  4. Науаи көшесі (Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін), жөндеу жұмыстары 2013 жылы болған.

  5. Рысқұлов даңғылы (Немирович-Данченко көшесінен Кудерин көшесіне дейін, Бөкейханов көшесінен Жангелдин көшесіне дейін), жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілген.

  6. Райымбек даңғылы (Сайын - Райымбек көшесінен Жуалы көшесіне дейінгі көлік айрығы), жөндеу жұмыстары 2013 жылы болған.

  7. Өтемісұлы көшесі (№2/10 үйден ҮАААЖ бойындағы көшеге дейін, дублерлері де).

  8. Сейфуллин даңғылы (Алдар Көсе көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін), жөндеу жұмыстары 2016 жылы жасалған.

  9. Байтұрсынов көшесі (Абай даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейін, Тимирязев көшесінен № 185 б әкімшілік ғимаратына дейін), жөндеу жұмыстары 2013 жылы болған.

  10. Қазыбек би көшесі (Әйтиев көшесінен Мұқанов көшесіне дейін, Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін), жөндеу жұмыстары 2016 жылы болған.

  11. Қабанбай батыр көшесі (Қожамқұлов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін), жөндеу жұмыстары 2017 жылы болған.

  12. Шагабутдинов көшесі (Абай даңғылынан Жамбыл көшесіне дейін, Қарасай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін), жөндеу жұмыстары 2008 жылы болған.

  13. Розыбакиев көшесі (Әл-Фараби даңғылынан Райымбек даңғылына дейін), жөндеу жұмыстары 2008 жылы болған.

  14. Бөкейханов көшесі (Райымбек даңғылынан Солтүстік айналым көлік айрығына дейін), жөндеу жұмыстары 2008 жылы болған.

  15. Райымбек даңғылы (Назарбаев даңғылынан Төретай көшесіне дейін), жөндеу жұмыстары 2013 жылы болған.

  16. Жолдасбеков көшесі (Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін), жөндеу жұмыстары 2010 жылы болған.

  17. Меңдіқұлов бульвары (Жолдасбеков көшесінен Қажымұқан көшесіне дейін), жөндеу жұмыстары 2013 жылы болған.

  18. Әшімов көшесі (Шаляпин көшесінен Райымбек даңғылына дейін, дублермен), жөндеу жұмыстары 2007 жылы болған.

  19. Жұмабаев көшесі (Сейфуллин даңғылынан Солтүстік айналым көшесіне дейін), жөндеу жұмыстары 2013 жылы болған.



«Көшелерді тексеру барысында жол төсемінде көптеген шұңқыр, жарықтар, қабыршықтану, инженерлік коммуникация жұмыстары жүргізілгеннен кейін төсемнің шөгуі анықталды. Көшелердің тізімі қала аудандары әкімдерінің аппаратымен келісіліп, бекітілді», - деп хабарлады Алматы әкімдігі өкілдері.



2022 жылы қалалық мобильділік басқармасы 18,5 миллиард теңге сомаға ұзындығы 200 шақырым Алматының 224 көшесінде жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.


Әкімдік өкілдері жөндеу жұмыстары күздің соңына дейін аяқталатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04