Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Қаламгерге құрмет көрсетілді

Қаламгерге құрмет көрсетілді

Тұлға 28.06.2021, 07:30 2,369
Қаламгерге құрмет көрсетілді
almaty-akshamy.kz

Алматыда белгілі жазушы С. Сматаевтың мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті


Алматы әкімі Б. Сағынтаев қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Софы Сматаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысты.



Кеш «Meн жеңемін!» театрландырылған қойылымымен ашылды. Қойылымға С. Сматаевтың өзі және М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының әртістері қатысты. Шығармашылық кеш осы театр сахнасында өтті.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың С.Сатаевқа арналған жылы құттықтау сөздерін оқыды. Онда мерейтой иесінің қазақ әдебиетін дамытуға қосқан үлесі атап өтілген.



Б. Сағынтаев өз құттықтауында С. Сматаевтың қазақ әдебиеті классиктері мен сыншыларының шығармаларын зерттеу саласындағы еңбектерін де ерекше атап өтті. Софы Сматаев - жазушылық өнерге берілген қаламгерлердің бірі.


Алматының әкімі Б. Сағынтаев әкімдік қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап  өтті. Қала әкімі мерейтой иесі мен оның жақындарына мықты денсаулық, шығармашылық табыс және бақ-береке тіледі. Қаланың дамуына қосқан үлесі үшін С. Сматаев Алматы қаласы әкімдігінің «Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.


Алматы әкімдігі ұйымдастырған  шығармашылық кеш С. Сматаев таланты мен шығармашылығын ұлықтау болып табылады.



Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет айтқандай, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен сөз шеберлерінің 30 түрлі кітабы жарық көрді, олардың жалпы таралымы 65 мың дана. Оның ішінде мерейтой  иесі С.Сматаевтың 25 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Кітаптар қала кітапханаларын толтырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Погоды #Алматы #город #Алматы #Софы #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика