Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қалалық мәслихат депутаттары қан тапсырды

Қалалық мәслихат депутаттары қан тапсырды

Әлеумет 14.01.2022, 04:23 1,122
Қалалық мәслихат депутаттары қан тапсырды
Яндекс.Новости

Иә, күшіміздің бірлікте екендігін қаңтардың қаһарлы күндері тағы бір дәлелдеп берді. Қарапайым халықтың мұң-мұқтажымызды айтсақ деген  жақсы үміттегі бейбіт жиынын пайдаланған ниеті жаман, пиғылы теріс содырлар мен лаңкестердің жауыздыққа малынған оқ-дәрісі мен кезенген суық қаруы  жайбарақат жатқан жұрттың зәресін ұшырды. Айналасы екі күнде шұғыл шешімдер мен күштік құрылымдардың арқасында елде тыныштық қайта орнап, тіршілігімізді жандандыра бастадық. Міне, осы қиын сәтте  антына адал біздің дәрігерлеріміз халықтың жанынан табыла білді. Өмірлерін қатерге тіге отырып, өз міндеттерін адал атқарды. Солардың қатарында қалалық Қан орталығының  да қызметкерлері бар.


Олар күн-түн демей, жараланған жандарды қажетті қан және оның компоненттерімен қамтамасыз ете білді. Мен осы ретте қала тұрғындарының тіршілігі үшін аса қажетті жылу, су, отын көздерін аман сақтап, тиісті азық-түлікпен қамтамасыз ету ісін жедел ұйымдастыра білген қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа және әкімшіліктің қызметкерлеріне, донорларды ұйымдастыру ісінде өзінің белсенділігі мен іскерлігін таныта білген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысына, осы басқарманың басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиқызына ерекше алғыс айтамын.


Сондай-ақ қан тапсыру арқылы көмек қолын созған қаламыздағы барлық перзентханалардың қызметкерлеріне, Алматы қалалық мәслихатының депутаттарына алғыс білдіргім келеді. Станислав Конкуров бастаған қалалық мәслихат депутаттары 7 қаңтар күні келіп қан тапсырды. Сонымен қатар өз еріктерімен келіп қан тапсыруға ниет білдірген қала тұрғындарына да зор алғысымды айтамын. Жаман күндеріміз артта қалсын!


Ендігі кезекте біз бір кісідей жұмылып, Президентіміздің Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі ұстанып отырған саясаты мен халықтың әлеуметтік  ахуалын жақсарту жолындағы игі бастамаларын бір кісідей қолдап, әркім өз саласы бойынша үлес қоса білейік! Біздің күшіміз бірлікте екендігі біздің басты қағидамыз болсын!


Біз Алматы қалалық Қан орталығының қызметкерлері   лаңкестер мен сойқанды содырлардан халқын қорғау кезінде  көз жұмған азаматтарымыздың  отбасы мен жақын туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз. Сіздер нағыз отансүйгіш ұл тәрбиелегендеріңізді  мақтан  етіңіздер.  Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жер  анамыздың бауыры бүтін, ел-жұртымыз аман болсын! Біздің күшіміз бірлікте ағайын, сол бірлігііміз сетінемесін.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #қантапсыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика