AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Қаладағы Алма мұражайына келушілер алманың жаңа сұ...

Қаладағы Алма мұражайына келушілер алманың жаңа сұрыптарының дәмін тата алады

Көрме 09.09.2021, 08:36 1,693
Қаладағы Алма мұражайына келушілер алманың жаңа сұрыптарының дәмін тата алады
Сурет: 24.kz

Отандық ғалымдардың ізденісінің жемісі


Алматының Алма музейіне келушілер жемістің шығу тарихымен танысып, алманың жаңа сұрыптарының дәмін тата алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24 kz-ке сілтеме жасап.


 Алма музейінде осы мезгілде пісіп жетілетін алманың жаңа 4 сұрпы: Камила, Заман, Даналық және Мақсат деген түрлері бар. Мақсат сұрпы тамыздың соңында піседі, бұл алманың сұрпы селекциялық жетістік ретінде Қазақстанның мемлекеттік реестріне енген. 


Бір қызығы, музейге келушілер алманың түрінен дәм татып, оны бағалай алады. Музей Қазақ бау-бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және Сиверс алма ағаштарын сақтау халықаралық қорымен ынтымақтастық негізде құрылған. Музей қоры алма түрлерінің пісіп жетілуіне қарай толықтырылып отырады.



«Музейге келушілердің әрқайсысының пікірі біз үшін маңызды. Алманың жаңа сұрыптарының дәмін тату – ғылыми зерттеуді бағалаудың бір жолы. Зерттеулер нәтижесінде аралас тұқымның бірінші кезекте суыққа төзімділігі, тығыздығы, пішіні мен түсіне сараптама жасалады», - деді Алма музейінің менеджері Ақмарал Асылбекова.



Отандық ғалымдар алманың генетикалық қорын сақтай отырып, 100-ден аса сұрыпты жасап шығарыпты. Көпшілігі сынақтан сәтті өтіп, шаруашылықта өсірілуде. Ал 10-нан астам жаңа сұрып қазір помологиялық бақта егілген. Сұрып жасауда жемістің дәмі, түрі, шыдамдылығы негізге алынады дейді ғалымдар.



«Біздің селекционерлеріміз жылдар бойы еңбектеніп, бірнеше сұрыпты шығарды. Бұл сұрыптар қазір көпке таныс Алматылық Синап, Салтанат, Мерейтойлық алмалары. Олар фермерлік шаруашылықтарда өсірілуде. Барлық сұрыпта апорттың буданы бар. Сондықтан дәмі де тіл үйіреді. Сондай-ақ Тюльпан, Восход сұрыптары да сәтті шықты», - Қазақ жеміс шаруашылығы ҒЗИ қызметкері .



Кейбір сұрыптар өнімділігі, төзімділігі жағынан тіпті апорттан асып түседі. Бұл - фермерлік шаруашылық өкілдерінің берген бағасы. Мәселен, Мақсат сұрпы гектарына 290 центнер өнім береді. Еуропалық Прима сұрпы араласқан алманың бұл түрі құрт түсуге төзімді дейді ғалымдар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұражай #алма #сұрып
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика