Қала тұрғындарын қандай мәселелер мазалайды?

Қала тұрғындарын қандай мәселелер мазалайды? Almaty-akshamy.kz

Алматылықтарды көп жағдайда абаттандыру мен экология мәселесі тоғандырады. 


Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен Алматы қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 5 айдағы негізгі қорытындылары туралы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қазақстан Республикасы Президентінің «Халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, әкімдік ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында қаланың барлық аудандарында тұрғындармен 38 кездесу өткізді, оның ішінде 8 кездесуді қала әкімі әр ауданда өткізді. 


Кездесулерге 40 мыңнан астам тұрғын қатысты (залда – 5 мың адам, онлайн – 35,3 мың адам) және 1 917 сұрақ қойылды, оның ішінде қала әкімі өткізген кездесулерге 36,2 мың адам (залда – 3,9 мың адам, онлайн – 32,3 мың адам) қатысып, 663 сұрақ қойылды. 


Тұрғындар көтерген мәселелердің шамамен 60%-ке жуығы абаттандыру мен экология (459), инженерлік және көлік инфрақұрылымы (300), жер мен тұрғын үй (184), әлеуметтік объектілер (101), кәсіпкерлік (69) мәселелеріне қатысты болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:07

09:49

09:20

09:10

17:56

17:43

17:26

17:13

17:01

16:44

16:33

16:19

16:01

15:59

15:43

15:31

15:19

15:07

14:55

14:38

14:26

14:18

14:08

12:05

11:41