ffin.kz

Қала тұрғындары өз таңдауларын жасады

Қала тұрғындары өз таңдауларын жасады old.vecher.kz

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында үздік ұсыныстарға дауыс беру аяқталды


Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша дауыс беру қорытындысы бойынша биыл 195 жобаларды іске асыруға рұқсат етілді. Әуезов ауданы – 18 жоба, Алатау ауданы – 17, Алмалы ауданы – 31 Бостандық ауданы – 23, Жетісу ауданы – 18, Медеу ауданы – 14, Наурызбай ауданы – 16, Түрксіб ауданы – 58.


Дауыс беру кезінде барлығы 81 мыңнан астам дауыс берді (81 707), бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға артық (63 547). Қала тұрғындары көп дауыс берген ең жақсы бастамалар тізіміне келесі жобалар енді:



  • Алатау ауданы (шахмат және теннис үстелдері, беседка, карусель және т. б.), Нұркент ш/а, 63 балалар алаңын жөндеу;

  • Медеу ауданы (беседка, әткеншек, спорт алаңы, орындықтар, теннис үстелі және т.б.), Жамбыл көшесі, 47/160 және Төлебаев көшесі, 156 үйлердің аула аумағын абаттандыру;

  • Алмалы ауданы (бұталар-қоршау, гүлзарлар, көгалдар, орындықтар, тренажерлер, ойын алаңы және т.б.), Шевченко көшесі, 129 мекенжайы бойынша "Аула-Бақ" жобасын іске асыру;

  • , Әуезов ауданы (серуендеуге арналған құрылымдық элементтер, және т.б.), 9 ы/а иттерді серуендетуге арналған алаң, үй 20;

  • Бостандық ауданы, Үлкен Алматы өзені бойындағы Дулати көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру;

  • Жетісу ауданы, Крыжицкий көшесі, 7 және Станиславский көшесі, 164 бойынша балалар және спорт алаңдарын салу;

  • Абай даңғылы мен Әшімов көшесі, Наурызбай ауданы бойынша ШАФ және тік көгалдандыру нысандарын орнату;

  • Түрксіб ауданы, Гете көшесі, 17 мекенжайдағы № 17 ЖББМ автотұрақты салу және т. б.


Дауыс беру нәтижелері және әрбір жоба бойынша жиналған дауыстар саны бар хаттамалар budget.open-almaty.kz порталында «Жобалар бойынша материалдар» бөлімінде (ашылмалы мәзірден 2023 жылды таңдаңыз) эжарияланды.


Әрбір аудан бөлінісінде ең көп дауыс жинаған жобалар ағымдағы жылы әрбір аудан үшін лимитті (875 млн теңге) ескере отырып, дауыстардың кему тәртібімен (жобаға кемінде 50 дауыс) іске асырылатын болады. Дауыстар тең болған кезде жобаларға дауыс беру қорытындылары туралы хаттамада бірдей позиция беріледі.


Еске салсақ, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қалалық ортаны дамыту бойынша өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың наурыз айында басталды, қала тұрғындарынан 897 түрлі ұсыныс түсті. Бастамалардың көп бөлігі Әуезов (162), Наурызбай (126) және Жетісу (120) аудандарының тұрғындарынан келіп түсті.


«Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылған сәттен бастап бес жыл ішінде алғаш рет 2023 жылдың екінші жартыжылдығында Алматы тұрғындарынан өтінімдерді қабылдаудың екінші циклі басталатыны қосымша хабарланады. Екінші цикл аясында ең көп дауыс жинайтын жобалар келесі жылы жүзеге асырылады.



«Халық қатысатын бюджет» бойынша консультацияны Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінен мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (727) 224 39 29 (ішкі 203), 1308.



Жоба бойынша өзекті ақпарат, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар Алматы әкімдігінің «Алматы Жобалары» (@almaty.jobalary) арнайы аккаунтында жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:12

08:52

08:35

08:20

08:10

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09