AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсір...

Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді

Алматы Бүгін 15:13 39
Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді

Алматының индустриялық аймағындағы жылыжай кешені жыл сайын 5–6 мың тоннадай қызанақ пен қияр өсіреді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мұнда өндірілген жаңа піскен көкөніс дүкен сөресіне түсіп, ашық топырақта өсірілген өнімдер азаятын қыс мезгілінде де жеткізіп беріп отырады. Жылыжай шаруашылығы қазір осы аумақта жүзеге асып жатқан тамақ өнеркәсібі саласындағы 17 жобаның қатарына кіреді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы жылыжай кешенінің директоры Ақмарал Мұхатова өндірісті кеңейтуді көздейтін осы жоспары туралы баяндап берді.

2016 жылы іске қосылған қаланың индустриялық аймағында жұмыс істей бастаған алғашқы өндіріс орнының бірі — осы жылыжай кешені.

Қазір мұнда өсірілген көкөністі қаланың сауда желісі мен басқа өңірге де жеткізеді.

Алматы жылыжай өндірісінің директоры Ақмарал Мұхаматованың айтуынша, көкөністі негізінен қазаннан шілдеге дейін өсіреді екен. Егіс алқабының жалпы көлемі 10,5 гектар: оның 5,5 гектарына қызанақ, қалған 5 гектарына қияр еккен.

Кәсіпорында қазір 170-тен астам адам жұмыс істейді.

«Кешеннің өндірістік қуатын кеңейту мәселесі компанияның даму стратегиясы аясында пысықталып жатыр. Қазір біз жылына шамамен 5–6 мың тонна көкөніс өндіреміз. Бұл қаланың қызанақ пен қиярға деген жылдық жалпы қажеттілігінің шамамен 11–14 пайызына тең», – дейді спикер.

Жылыжай ішін үнемі бақылап отыратындықтан күн суық кезде де өнім алуға болады. Өсімдікті мұнда топырақсыз өсіріп, қоректік ерітіндіні тікелей тамырына жібереді.

Автоматты суару жүйесі су мен тыңайтқыштың мөлшерін реттейді, жасанды жарықтандыру күндізгі жарық уақытын ұзартып, қызанақты түкті аралар тозаңдандырып отырады. Қаладағы сауда желісіне тікелей жеткізу жылыжайдан дүкен сөресіне дейінгі жолды да едәуір қысқартып, көкөністің балғындығын сақтауға сеп болып жатыр.

«Қазір өнімдеріміз Алматыдағы үлкен сауда желілеріне тікелей жеткізіледі. Импорттық өнімдермен салыстырғанда, біздің бірнеше артықшылығымыз бар. Мәселен, өсімдіктерді биологиялық қорғау әдісін қолданамыз, химиялық пестицидті пайдалануды барынша азайтып, көкөністі қалай өсіретінімізді тұтынушыға ашық көрсетеміз. Жылыжайдан сауда сөресіне дейінгі қысқа жол өнімнің балғындығын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазаннан шілдеге дейінгі өндіріс кезеңі маусымаралық уақыт пен қыста жергілікті көкөністі жеткізуге жағдай жасайды. Дәл осы кезеңде импортқа тәуелділік жағы ерекше жоғары болады», – деп түсіндіріп өтті спикер.

Сонымен қатар қыста өндіріс энергия ресурсының құнына тікелей тәуелді.

Ақмарал Мұхаматованың айтуынша, кешен электр энергиясының көтерме нарығына көшкеннен кейін кәсіпорын үшін оның құны екі еседей өскен.

Шығынды азайту мақсатында мұнда жарықдиодты жарықтандыру жүйесіне көшуді қарастырып, қуат үнемдеудің басқа да шешімдері зерттеліп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Жылыжайлар одағымен бірлесіп, жасанды жарықтандыруды пайдаланатын жылыжай кешендері үшін тарифтік тәсілді қайта қарау мәселесі бейінді министрліктердің алдында көтерілді.

Алматының тамақ өнеркәсібі индустриялық аймақтағы басқа да өндіріспен қатар дамып келеді. Бұл аумақта қазір 163 компания жұмыс істейді. Олардың жобасына салынған инвестицияның жалпы көлемі 1 трлн 53 млрд теңгеден асқан. Мұнда көлік жасау, құрылыс материалын өндіру, ет пен балық өңдеу, кондитерлік және нан-тоқаш өнімін шығаратын кәсіпорындар орналасқан.

2016 жылдан биылға дейін индустриялық аймақта жалпы құны 366 млрд теңге болатын 62 жоба жүзеге асып, 10 439 жұмыс орны ашылды. 2026 жылдың басынан бері ғана кәсіпорындар 712 млрд теңгенің өнімін өндіріп, қала бюджетіне 33 млрд теңге салық түскен.

Биылдың өзінде бес жоба іске қосылып, 345 жұмыс орны құрылыпты. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 6,7 млрд теңгені құрайтын тағы алты жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олардың жүзеге асырғанның арқасында тағы қосымша 346 жұмыс орны ашылады.

Индустриялық аймақтың үшінші кезеңін дамыту барысында тамақ өндірісі мен агроөнеркәсіптік сектор басым бағыттың қатарында тұр. Әсіресе өнімді өсіру, өңдеу мен сақтауды бір жүйеге біріктіретін жобаға назар аудармақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылыжай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты

Бүгін 16:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 14:50

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

Бүгін 14:05

Бельгия Королі мен Патшайымы қазақстандық ғылыми әзірлемелермен танысып, Қазақстан Үкіметімен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін 14:00

2026 жылдың қаңтар-маусымындағы Қазақстанның жалпы өңірлік өнімі

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);