ffin.kz

Қала тұрғындары күтімсіз ағаш көшеттерінің қурап жатқанына алаңдаулы

Қала тұрғындары күтімсіз ағаш көшеттерінің қурап жатқанына алаңдаулы Сурет:almaty-akshamy.kz

Қала тұрғындары күтімсіз ағаш көшеттерінің солып жатқанына алаңдаулы


Дәл қазіргі уақыт - шаһардағы маусымдық мәселелерге көңіл бөлетін кез. Себебі, күн жылына бастағаннан-ақ Алматыда көгал­дандыру жұмыстары қарқын алады. Қаланың барлық аумағында ағаштар жыл сайын отырғызылады. Тиісті мамандар ағаш көшеттерін отыр­ғызғанмен, солардың соңынан жаңа өскіндерді күтіп-баптап жүргендерді көру мұң. Біздің бүгінгі айтпағымыз - алматылықтарды алаңдатқан қоршаған ортаның қазіргі ахуалы. Қыруар ақшаға сатып алынғанымен, күтімі кем болып, қурап жатқан ағаштардың жағдайы, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ


Су жетпей қурап жатыр


Редакциямызға хат жолдаған алматылық Гүлнар Тимирязев, Байтұрсынов көшелері мен Сейфуллин даңғылы аралығындағы қурап қалған туя ағаштарының суретін салыпты.


– Бұл ағаштарды 2020 жылы отырғызған. Бірақ ешқайсысы дұрыс күтім болмаған соң, көктеп, көгере алмады. Тамырына су жетпеген соң, олар да тіршілік иесі ғой, қурамағанда қайтсін, – деген Гүлнар:


– Жасыл белдеу қалыптастыруда іске аспай қалған жұмыстар бұл ғана емес, қураған ағаштар Алматының барлық аймағында кездеседі. Бюджеттен бөлінген қаншама қаражат осылай желге ұшып жатыр, – деп базынасын айтты.


Туя ағаштарының неге қурап кеткенін білмек мақсатпен біз Бостандық ауданы әкімдігіне хабарласқанымызда, олардан мынадай ақылға қонымсыздау, біртүрлі жауап келді: «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты Тимирязев көшесі мен Байтұрсынов көшесі қиылысында орналасқан жасыл желектерді суару мәселесі жөніндегі өтінішті қарап, FORUM Almaty ойын-сауық орталығының әкімшілігімен түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Нәтижесінде орталық басшылығының күшімен жасыл желектерді суару жұмыстарының жүргізілгенін хабарлайды». Ақпаратпен бірге жұмысшылардың қураған ағаштарды суарып жүрген суретін қоса жолдаған. «Болары болып, бояуы сіңгеннен кейін, қураған ағаштарға мұндай «қамқорлықтың» қажеті шамалы ғой. Десек те, әкімдік тарапынан берілген жауап «іс бітті, қу кеттінің» кебін киіп тұрғандай.


АЛМАЛЫ АУДАНЫ


Гүлдердің солмағанын қалаймын


Қала тұрғыны Гүлім Бағдатқызы Ганди саябағындағы раушан гүлдері егілген бақтың ретке келтірілуін сұрайды.


– Саябақтағы күтімсіз, сәні кетіп тұрған гүлдерге көңіл бөлетін уақыт келді. Арамшөптерден тазартып, уақытылы күтіп-баптау керек, – дейді Гүлім. – Жалпы, бұл гүлзарларды суару, оларға санитарлық күтім жасап, кесу/өңдеу жұмыстарын жүргізетін арнайы кесте бар ма? Бұған кім жауапты? Жақсы күтім болса, раушандар жаз бойы гүлдейді және қар жауғанға дейін бізді өзінің сұлулығымен һәм хош иісімен қуантады. Мен саябақтағы раушан гүлдерінің сақталып, жақсарғанын қалаймын.


Алмалы ауданының әкімдігі «аудан аумағындағы жасыл аймақтарды күтумен «ЛЭУ фирмасы» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысады. Суару және күту жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде және тұрақты бақылауда» деп жауап беріп отыр.


Әзірге аталмыш мекеме қаладағы ең мықты гүл өсірушілердің бірі ретінде танылып жүр. Енді олар жасыл желектерді баптаудағы шеберліктерін Ганди саябағында да көрсетеді деп үміттенеміз.


ТҮРКСІБ АУДАНЫ


Жаз өтіп, күз келгендей…


Қайран, ағаштар-ай! Буренный көшесімен Байкальская көшелерінің қиылысындағы ағаштарға қарасаң, құдды бір жаз өтіп, күз келгендей… Уақытында дұрыс күтім көрмей, дәріленбеген ағаш осындай күй кешпегенде қайтсін!


Әдетте біз ағаштарды табиғатта ауа тазалаушы ретінде жақсы білеміз. Жасыл желектің одан бөлек, адам психикасы мен көңіл күйін көтеруге де әсері зор. Ағаштарды дереу емдеу керек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58