AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Қала күні қарсаңында: Мәдениеттің, руханияттың қал...

Қала күні қарсаңында: Мәдениеттің, руханияттың қаласы

Алматылықтардың алданышы 14.09.2021, 08:21 1,730
Қала күні қарсаңында: Мәдениеттің, руханияттың қаласы
kp.kz

Жуырда ару Алматы күнін мерекелейміз. Сан бояулы, мың жасаған шаһардың бет-бейнесі күн санап көркейіп, түрленіп келеді. Сондықтан кім-кімнің де Алматы туралы айтары болуы заңды. Бүгін біздің төрімізден шаһардың мәдени, рухани келбетін жасауда аянбай еңбек етіп жүрген театр артистері сөз алады.  


 



Айдос БЕКТЕМІР, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі:


 


– Алматыдай қала жер бетінде көп емес. Шаһардың орналасқан жерінің өзінде  қолмен жасағандай табиғи сұлулық бар. Бейнебір Алатаудың алақанында орналасқандай көрініс береді.


Алматы – мәдени қала. Біздің шаһардай үлкен мегаполисті мәдениет пен руханият ордасын қазақ өнерінің шаңырағы әкемтеатр – М.Әуезов атындағы академиялық драма театрынсыз елестету, әсте, мүмкін емес. Театрдың  мәдени өркендеуіне үлес қосып келе жатқанына да ғасырға жуық уақыт болды.


 



Әсем ҚАШАҒАНОВА,  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы:


– Алматы – мен үшін ең әсем қалалардың бірі. Қыркүйектің үшінші аптасында жыл сайын қала көлемінде тойланатын Қала күнімен тұрғындар мен қонақтарды шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі пандемиялық жағдайға байланысты қаламыздың мәденитіне көптеген өзгеріс енгізіліп,  бірқатар жаңалық болып жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Індеттің өршуіне жол бермеу үшін жасалған  шектеулерге байланысты қаламызда ғана емес, әлем бойынша әртүрлі шаралар қолға алынды. Театрлар, музейлер, тағы да басқа мәдени ошақтар уақытша жабылып, келушілерге шектеулер қойылғанымен, театр сүйер көрермен мәдениет пен өнерден қол үзіп қалған жоқ. Қала тұрғындары мен қонақтары  үшін театр пандемия кезінде де онлайн режимде қызмет етті.


 



Нұржамал ӘБІЛҚИЯСҚЫЗЫ, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы:


– Еліміздегі мәдени, өнер қаласы деп алдыңғы  қатардағы шаһар – Алматыны айта аламын. Қаладағы басты мәдениет ошағы –  театр. Театрлардың  жылдан-жылға көрермені артуы қуантады. Әрбір қойылған қойылымның өз көрермені бары рас. Демек, қала тұрғындары, әсіресе, жастар арасында театрға деген ықылас ерекше деген сөз. Қойылым арқылы ұлттық құндылықты дәріптеп, көрерменге рухани әсер қалдырсақ,  бұл –  біздің қала мәдениетіне қосқан үлесіміз деп білеміз. Шаһардың рухани-мәдени дамуында театрдың алар орны қашан да ерекше болып қалмақ.


 


Сұхбаттасқан Гүлжанат СЕМБАЕВА.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қалакүні #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);