AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қала әкімі Ерболат Досаев Алматы тауларындағы море...

Қала әкімі Ерболат Досаев Алматы тауларындағы мореналық көлдердің жағдайымен танысты

Әлеумет 07.06.2024, 13:50 1,143
Қала әкімі Ерболат Досаев Алматы тауларындағы мореналық көлдердің жағдайымен танысты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда сел қаупі жағдайы ерекше бақылауда

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала ТЖД басшылығымен және «Қазселденқорғау» ММ Ақсай өзенінің бассейнінен Кіші Алматы өзенінің бассейніне дейін Іле Алатау жотасындағы биік таулы моренді көлдер мен мұздықтардың, сел кесінділері мен ошақтардың жағдайын тікұшақпен тексеріп шықты. Сонымен қатар, селден қорғау нысандары да қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматының тау бөктерінде  барлығы 51 моренді көл бар, оның алтауы – ең серпінді. Бұл Кіші Алматы өзені бассейніндегі №6 көл; Үлкен Алматы бассейніндегі № 10, 13-бис көлдері және Ақсай өзені бассйніндегі № 8, 9, 10 көлдері.

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы сел қаупі тұрақты және ерекше бақылауда. Көлдердің көп бөлігі 65-70% - ға толады - су деңгейі қауіпсіз белгілерде.

Қазіргі кезде тауларда ауа температурасы 5-6°С құрайды. Шілдеде биік таулы аймақтағы орташа айлық температура 7-15°с шегінде ауытқиды. «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді болжамы бойынша жазғы кезеңде тауларда ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, кейде нормадан жоғары (22°С дейін). Сел шығарындыларының алдын алу үшін биыл моренді көлдердің суы ағызылады. Алматының жергілікті бюджет резервінен осы мақсаттарға 36,3 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа су ағызу арналарын тазарту және тереңдету үшін өнімділігі жоғары сорғылар, сифон құбырлары, дәнекерлеу аппараттары және басқа да жабдықтар сатып алынады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев тау өзендеріндегі гидрометеорологиялық, көшкін, су тасқыны, сел жағдайына тұрақты бақылау жүргізуді және күшейтуді тапсырды.

«Қазселденқорғау» ММ мамандары 10 тұрақты және 3 маусымдық постарда бақылау жүргізеді. 20 маусымнан кейін қалған 10 маусымдық постта бақылау басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Морена #қала әкімі #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 14:45

Дархан Сатыбалды Алматының жылумен қамту нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін 14:38

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды

Бүгін 14:30

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);