AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қайырымдылық үшін ақша жинайтын блогерлер келісімш...

Қайырымдылық үшін ақша жинайтын блогерлер келісімшарт жасауға міндетті

Қаржы 11.08.2022, 08:07 2,325
Қайырымдылық үшін ақша жинайтын блогерлер келісімшарт жасауға міндетті
Сурет: Dauletten.kz

Ендігі уақытта қайырымдылық мақсатында халықтан жылу жинайтын блогерлер алдын ала көмекке мұқтаж кісімен немесе ұйыммен келісімшартқа қол қоюы тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Блогерлер заңға бағынбай, келісімшарт жасамай, қайырымдылық іс үшін деп халықтан ақша жинаса, ол заңсыз әрекет болып есептеледі. Яғни ол алаяқтық. Екіжақты келісімге келу қайырымдылық жасау кезінде түсініспеушілік, дау-дамай туындаған жағдайда мәселені заңмен реттеу үшін енгізіліп отыр. Келісімге келсе, қайырымдылық үшін жиналған қаржыға қатысты ешқандай артық сұрақ туындамайды. Мысалы, блогер бір кісіге қайырымдылық жасау үшін қаржы жинауды бастаған, негізі 7 млн теңге керек болған, нәтижесінде 15 млн теңге жиналған. Өз кезегінде блогер көмекке мұқтаж жанға 7 млн теңге беріп, қалған соманы басқа мақсатқа жұмсайтындығын айтқан. Содан кейін екіжақты түсініспеушілік туындаған», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, елімізде бүгінге дейін блогерлердің халықтан қайырымдылық үшін қаржы жинау мәселесі назардан тыс болған.



«Егер блогер қандай да бір қайырымдылық қордың атынан жақсылық жасамақ болса, онда сол ұйым мен блогер арасында келісім жасалуы тиіс. Ал егер блогер өздігінен қайырымдылықпен айналысса, онда көмек көрсететін адаммен келісімнің болуы міндетті. Яғни кімге көмек көрсетейін деп жатыр, сол адаммен келісім жасалады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогерлер #қайырымдылық #ақша жинау #келісімшарт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);