AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қайтарылған активтер: Ақмола облысында сумен жабды...

Қайтарылған активтер: Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Әлеумет 07.08.2026, 10:18 272
Қайтарылған активтер: Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді
Сурет: freepik.com

Бұл қаражат Бурабай ауданы мен Щучинск қаласында төрт инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қарастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президенттің заңсыз иемденілген активтерді қайтару және оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін пайдалану жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Арнаулы мемлекеттік қордан Үкімет осы мақсаттарға 1,4 млрд теңге бөлді.

Бұл қаражат Бурабай ауданы мен Щучинск қаласында төрт инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қарастырылған. Атап айтқанда, Бурабай ауданы Қатаркөл көлінің жанындағы балаларды сауықтыру орталықтарының су құбыры желілері жаңғыртылмақ. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мекемелерге коммуналдық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға және маусымдық жүктеме кезеңінде олардың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Бөлінген қаражаттың келесі бір бөлігі Щучинск қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін кешенді түрде жаңартуға жұмсалады. Атап айтқанда, магистральдық су құбыры желілерінің төртінші кезегін салу және реконструкциялау, су бұру нысандары мен желілерін жөндеу, сондай-ақ кварталдар ішінде кәріз тарту жоспарлануда.

Жобаларды жүзеге асыру желілердің апаттылығын төмендетеді. Сонымен қатар, судың қажетті көлемін беру және ағынды суларды бұру жүйеге жаңа тұрғын үйлерді, әлеуметтік және туристік нысандарды қосуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірге инвестиция тарту үшін де жағдай жасайды.

Бұл шаралар жалпы алғанда Щучинск қаласы мен Бурабай ауданын одан әрі дамыту үшін коммуналдық тұрғыда заманауи негіз қалыптастырады. Жаңа және реконструкциядан өткен желілер тұрғындардың, әлеуметтік мекемелердің және балаларды сауықтыру орталықтарының жағдайын жақсартады, сондай-ақ жаңа нысандар салу үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі аралықта Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Үкімет жалпы сомасы 610 млрд теңге болатын 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Оның ішінде жалпы сомасы 226,5 млрд теңге болатын 267 жоба су инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сумен жабдықтау #сумен қамту #Ақмола облысы #қайтарылған активтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Кеше 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кеше 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Кеше 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Кеше 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);