AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қайрат Нұртастың қызына кибершабуыл жасалды: минис...

Қайрат Нұртастың қызына кибершабуыл жасалды: министрлік пікір білдірді

Әлеумет 30.10.2025, 10:20 368
Қайрат Нұртастың қызына кибершабуыл жасалды: министрлік пікір білдірді
instagram.com/kair_n

Қазақстанда кибербуллинг мәселесі қайта талқыланып жатыр. Бұған әнші Қайрат Нұртастың қызына қарсы желі қолданушылардың жаппай жазған қорлау пікірлері себеп болды. Оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен заңгерлер пікір білдірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның үндеуі Қазақстандағы кибербуллинг мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Журналист өз кезегінде Қайрат Нұртастың қызына бағытталған теріс пікірлердің кесірінен күйзеліске түскенін бірнеше рет көргенін айтқан.

"Бұл - барлық балаға қатысты мәселе. Бізде заң бар және бұл қылмыстық жауапкершілікті тудыруы мүмкін. Пікір жазатындар көбіне балалар емес, ересек адамдар", - деді Сәтжан.

Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты ұжымдық қорлауға және интернет арқылы қорлауға қарсы жауапкершілік бар. Ең маңыздысы - баланың бұл туралы ересектерге қорықпай айтуы, әрі одан кейін құқық қорғау органдары шара қолдануы тиіс.

"Егер бізге мұндай ақпарат келіп түссе, әрине, біз Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүгінеміз. Олар өз кезегінде уәкілетті органдарға - ҰҚК-ға жүгінеді. Сонымен қатар бізде ақпараттық кибербақылау жүйесі бар және біз оны белсенді қолданамыз", - деді Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының басшысы Ләззат Есмұханова.

Ересектердің жауапкершілігі туралы заңгерлер де ескертті.

"Осыған байланысты моральдық зиянды өтеу талап етуге болады. Қорлау әрекетімен айналысатындар мұны түсініп, білуі керек. Егер ауыр салдары болса, онда қылмыстық жауапкершілік те қарастырылуы мүмкін", - деді заңгер Сергей Уткин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат Нұртас #Кибершабуыл #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика