Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Қайрат»: атақты қорғау машақаты

«Қайрат»: атақты қорғау машақаты

Спорт 14.09.2021, 08:39 1,540
«Қайрат»: атақты қорғау машақаты
https://www.vseprosport.ru/

Olimpbet–Қазақстан чемпионаты екі айлық үзілістен кейін қайта жалғасқанда, алматылық жанкүйерлер сенімі сетінегендей болды. Шымкентке барған «Қайрат» командасы жергілікті «Ордабасыдан» 1:2 есебімен жеңіліп қайтты. Алғашқы жарты сағатта Абдулай Диакате мен Александр Клещенко соққан қос допқа алматылықтар екінші таймда Хосе Кантенің жалғыз добымен ғана жауап қайтарды.


Бұл Құрбан Бердыевтің бас бапкер ретіндегі алғашқы матчы еді. Чемпионаттың аяқталуына енді алты ойын ғана қалды. Қалған қарсыласының бәрін жеңген күннің өзінде, «Қайрат» негізгі қарсыластары «Тобыл» мен «Астанаға» жете алмауы мүмкін. Бұл турда «Астана» сырт алаңда «Ақжайықты 1:0 есебімен жеңді, «Тобыл» «Каспийден» 2:1 есебімен басым түсті. Қазір «Қайрат» пен «Тобыл» арасын 8, «Қайрат» пен «Астана» арасын 7 ұпай бөліп тұр. Чемпиондық мәресінде бұл айырмашылықтар зор рөл ойнауы ықтимал.


Өкінішке қарай, «Ордабасымен» кездесуде Айбол Әбікен алаңнан (36 минут) қуылды. Талантты жас футболшы бұған дейін сәуір айындағы «Каспий» – «Қайрат» (1:1) матчының 35 минутында ойыннан аластатылған еді. Жалпы, «Қайрат» биылғы чемпионаттағы ең дөрекі команда есебінде. Әбікеннен бөлек, Вагнер Лав, Денис Поляков, Камо Оганесян да әр кездері алаңнан қуылған. Бердыев ең алдымен командалық тәртіпке мән беретін маман десек те, оның тізгін қаққан алғашқы ойынында да алматылықтар дөрекіліктен танбай отыр.


Енді маусым соңына дейін «Қайрат» «Қызылжар» (өз алаңында), «Шахтер» (қонақта), «Ақжайық» (ө), «Ақтөбе» (қ), «Астана» (ө), «Жетісу» (қ) командаларымен кездеседі.


Естен САБАЛАҚ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Кайрат #допдоасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика