AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Қайрат" әлемдегі үздік 10 клубтың қатарына енді

"Қайрат" әлемдегі үздік 10 клубтың қатарына енді

Спорт 05.01.2026, 10:09 552 Сұлу
"Қайрат" әлемдегі үздік 10 клубтың қатарына енді
instagram.com/afckairat/

Қазақстандық "Қайрат" футзал клубы әлемдегі ең үздік команда номинациясы бойынша беделді Futsal Awards сыйлығының үміткерлері қатарына енді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі премияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматылықтардан бөлек, тізімге түрлі елдер мен құрлықтардан тағы тоғыз команда кірді. Осылайша, "Қайрат" 2025 жылдың әлемдегі үздік 10 клубының бірі атанды.

Futsal Awards 2025 сыйлығының номинанттары:

  • "Лиссабон" (Португалия);

  • "Бинтанг Тимур Сурабая" (Үндістан);

  • "Бока Хуниорс" (Аргентина);

  • "Хонгем Тахам" (Тайланд);

  • "Джарагуа" (Бразилия);

  • "Қайрат" (Қазақстан);

  • "Катания" (Италия);

  • "Пальма" (Испания);

  • "Пеньяроль" (Уругвай).

Жеңімпаз 7 қаңтарда өтетін салтанатты рәсімде жарияланады.

"Қайрат" қалай үздік клубтар қатарына енді?

Еске салайық, Алматының футзал клубы - әлемдегі ең титулды белсенді командалардың бірі. "Қайрат" УЕФА кубогын екі рет жеңіп алған және Чемпиондар лигасының шешуші кезеңдеріне тұрақты түрде қатысып келеді.

Өткен маусымда алматылықтар Еуропаның басты клубтық турнирінің финалына дейін жетіп, тек "Пальмаға" ғана жол берді.

Сондай-ақ, "Қайрат" Қазақстан чемпионатын 21 рет жеңіп алған және биылғы маусымда да турнир кестесінде көш бастап тұр.

Айта кетейік, биыл футзалдан Чемпиондар лигасында 1/4 финалға Қазақстаннан бірден екі команда шықты — "Қайрат" пен "Семей". 23 ақпанда алматылықтар испаниялық "Картахенамен", ал семейлік команда француздың "Этуалімен" кездесуді бастайды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының футзалдағы көшбасшыларының бірі Лео Жарагуа бразилиялық клубқа ауысқаны хабарланған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #футзал #Қайрат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әуе қалқаны: Алматы аспанын кімдер күзетіп тұр?

Бүгін 13:35

«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған құқықтық квест-марафон өтті

Бүгін 12:24

Қазақстандық артист Даяна Жетпісова XII Халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж иегері атанды

Бүгін 12:19

Алматыда есірткіге тәуелді адамдардың саны азайды

Бүгін 11:32

Freedom Holding Corp.-тың 2026 ж. ж. түсімі $2,2 млрд құрады

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);