AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қай елдердің азаматтары елімізде кәсіпкерлікпен ай...

Қай елдердің азаматтары елімізде кәсіпкерлікпен айналыса алады

Әлеумет 19.05.2022, 15:39 944 Almaty-akshamy
Қай елдердің азаматтары елімізде кәсіпкерлікпен айналыса алады
Cурет: Ашық дереккөз

Тіркеу хабарлама берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады


Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің азаматтары елімізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жіберу тәртібіне ауыстырылды. Яғни, жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін мемлекеттік кіріс органына дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады. Қызметтің басталғаны туралы хабарламаны egov.kz порталы, «e-Salyq business» мобильді қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жіберуге болады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының Қызмет көрсету орталықтарында қағаз түрінде хабарлама беруге болады.


Тіркеу хабарлама берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы ақпаратты  www.kgd.gov.kz порталында «Салық төлеушіні іздеу» батырмасы арқылы электронды сервистерден алуға болады.


2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес жеке кәсіпкер ретінде қызметті Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, яғни Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, сондай-ақ РФ, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің бейрезиденттері жүзеге асыра алады.


2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезидент-жеке тұлғаларды, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, оның ішінде ЖСН қалыптастыру, тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ жеке тұлғалардың ЖСН нөмірін алып тастау функциясы Мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес #тіркеу #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 12:03

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);