Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қабылдау комиссиялары демалыссыз жұмыс істеп жатыр

Қабылдау комиссиялары демалыссыз жұмыс істеп жатыр

Білім және ғылым 20.07.2024, 17:17 1,050
Қабылдау комиссиялары демалыссыз жұмыс істеп жатыр
Сурет: интернеттен

Құжаттарды кез келген ЖОО арқылы тапсыруға болады.

Қабылдау комиссияларының жұмысы демалыс күні де жалғасын тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Құжаттарды қабылдау

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта жүзеге асырылатындығын естеріңізге салып отыр. Сондай-ақ ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

Қанша грант бөлінді?

“Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі”, делінген минстрліктің хабарламасында.

Алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.

“Серпін” бағдарламасы

Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар.

Еске сала кетсек, 139 мыңға жуық талапкер ҰБТ-да шекті балл жинаған, олар грант конкурсына қатыса алады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #комиссия #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18

12 мың бала неге Ұлттық қордан төленетін төлемдерді алмайды?

Бүгін 17:04

Сауд Арабиясы Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге мүдделі

Бүгін 16:44

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Бүгін 16:27

Атырауда әйел полицейден қашқан ұлына көмектескен - видео

Бүгін 16:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика