AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қабатовтың экс-жұбайы да бар: заңсыз лотерея өткіз...

Қабатовтың экс-жұбайы да бар: заңсыз лотерея өткізген блогерлердің тізімі жарияланды

Әлеумет 09.01.2026, 15:18 554 Дина
Қабатовтың экс-жұбайы да бар: заңсыз лотерея өткізген блогерлердің тізімі жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

Былтыр Қазақстанда заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген. Олардың арасында әлеуметтік желіде лотерея ойнатқан танымал блогерлер де бар, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларды тұрақты түрде бақылап отыратынын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, мониторинг нәтижелері және азаматтардан түскен өтініштер негізінде 2025 жылы 121 адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.

Министрлік заңсыз ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі ресми сайтта жарияланғанын атап өтті. Аталған тізімде «Супермамасита» лақап атымен танымал Әлия Байтуғаева, блогер Мереке Қалбаева, Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова, Justking31 атымен белгілі Нұрбек Нұртаза және оның жұбайы, блогер Дархан Жолшыбеков және өзге де тұлғалар бар.

Еске сала кетейік, ӘҚБтК-нің 445-1-бабы 6 және 7-бөліктеріне сәйкес, лотерея операторы болып табылмайтын тұлға лотерея өткізсе, жеке тұлғаларға 100 АЕК, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (ЖК) 300 АЕК айыппұл салынады. Егер бұл құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғалар 200 АЕК, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері 750 АЕК төлейді. Сонымен бірге лотереядан түскен табыс тәркіленеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогер #лоторея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлытауда этномәдени фестиваль өтеді

Бүгін 11:47

LOT Polish Airlines Алматы туралы арнайы борттық журнал шығарды

Бүгін 11:37

Әр екінші талап арыз талапкердің пайдасына шешілді: Алматыда әкімшілік әділеттің бес жылдық қорытындысын жариялады

Бүгін 11:24

Рухани тарту: Алматыда жазушы Ильяс Юсуф мектептер мен кітапханаларға 1000-нан аса кітап сыйлады

Бүгін 10:39

Алматыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);