AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Психиатрға қай кезде жүгінген жөн: Алматының штатт...

Психиатрға қай кезде жүгінген жөн: Алматының штаттан тыс бас психиатры алаңдатарлық белгілерді айтып берді

Алматы Бүгін 13:01 41

Елдің көбі жолдама алып, психиатрдың алдына барған адамға автоматты түрде ауыр психиатриялық диагноз қойылады, есепке алынып, тіпті ауруханаға жатқызып тастайды деп ойлайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алайда мамандардың айтуынша, психиатрдың кеңесі ең алдымен адамның жағдайын бағалап, оған медициналық көмек қажет пе, жоқ па, соны анықтау үшін қажет екен.

Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасының «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК директорының медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі орынбасары, Алматы қаласының бас штаттан тыс психиатры Наби Есімов Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы туралы айтты.

Маманның айтуынша, психиатрға әртүрлі жағдаймен жүгінеді. Бұлар ауыр психикалық аурулар ғана емес, сонымен қатар мазасызданып, күйзеліске тап болған, ұйқысы бұзылып, қатты күйзелістің салдарынан жапа шеккендер.

«Психиатрға жолдама алу автоматты түрде ауыр психиатриялық диагноз қойылады, ауруханаға жатқызады немесе психиатриялық клиникада есепке алынады дегенді білдірмейді. Психиатрдың кеңесі — ең алдымен адамның жағдайын бағалап, оның бойындағы белгілерді анықтап, медициналық көмек қажет пе, жоқ па екенін белгілеуге мүмкіндік береді», — деді Наби Есімов.

Маманның айтуынша, мұнда белгілі бір белгінің болуы ғана емес, оның адамның күнделікті өміріне қаншалықты әсер ететіні де маңызды критерий саналады. Егер эмоциялық жағдай адамның жұмысына, оқуына, жақындарымен қарым-қатынасына немесе әдеттегі белсенділігіне кедергі келтіре бастаса, бұл кәсіби көмекке жүгінуге себеп болуы мүмкін.

Алаңдататын белгілердің қатарында ұзақ уақыт бойы көңіл-күйдің түсуі немесе мазасыздық, бұрын ұнайтын істерге деген қызығушылықтың жоғалуы, қатты ашушаңдық, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы, зейін қою қабілеті мен жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі бар. Сондай-ақ қатты мазасыздық немесе үрей ұстамалары, әлеуметтік оқшаулану, мінез-құлық пен көңіл-күйдің күрт өзгеруі де психиатрдың кеңесіне жүгінуге себеп болуы мүмкін.

Адамның өзі проблема ретінде қабылдамауы мүмкін өзгерістерге де ерекше назар аудару қажет. Әдеттен тыс сенімдердің пайда болуы, шамадан тыс күдікшілдік, қабылдаудың бұзылуы осыған жатады. Тағы бір алаңдататын белгі — күйзеліс пен эмоциялық қиындықты жеңу тәсілі ретінде алкогольді немесе басқа да психобелсенді заттарды қолдану.

Сонымен қатар мамандар жағдайдың асқынуын күтпеуге кеңес береді. Адам неғұрлым ертерек көмекке жүгінсе, соғұрлым қолдаудың тиімді тәсілін таңдап, жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеу мүмкіндігі жоғары болады.

Өлім немесе өзіне қол жұмсау туралы ойдың пайда болуы — аса маңызды белгі. Мұндай жағдайда, маманның айтуынша, жағдай өздігінен өтіп кетеді деп күтуге болмайды. Мүмкіндігінше тез арада кәсіби көмекке жүгіну қажет.

Осылайша, психиатрға жүгінуді адамның міндетті түрде ауыр психикалық ауруға шалдыққанының белгісі ретінде қабылдамаған жөн. Бұл — адамның басындағы жағдай өмір сапасына әсер ете бастаған кезде кез келген басқа маманның кеңесіне жүгіну сияқты медициналық қадам.

10 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында мамандар тек денсаулыққа ғана емес, өзіміздің және жақындарымыздың психикалық жағдайына да мұқият қарауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психиатр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұланның 5449 әскери бөліміне 60 жыл толды.

Бүгін 13:16

Алматылық психиатр алжудың алғашқы белгісін қалай анықтауға болатынын айтты

Бүгін 13:04

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 13:01

Үкіметте Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Бүгін 13:00

Алматыда 5 мыңнан астам адам психиатриялық кеңесті онлайн алды

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);