AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұрады

Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұрады

Әлеумет 22.07.2025, 12:20 797 Сұлу
Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұрады
instagram.com/01pk

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша өткен отырыста прокурор Арман Қазекен айыптау тарапы соттан қандай жаза тағайындауды сұрап отырғанын айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тараптардың жарыссөзі кезінде прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады. Ал оның анасы Ғайни Алашбаеваға – орташа қауіпсіздік мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Еске сала кетейік, кеше Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы жабық режимде өтті. Бұл шешім банк құпиясын қамтитын құжаттар сияқты құпия деректердің қаралуына байланысты қабылданған.

Соттың баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, күннің алғашқы жартысында заттай дәлелдемелер зерттеліп, тараптар бірнеше өтініш білдірді, сондай-ақ айыпталушы Перизат Қайраттан жауап алынды. Ал оның анасы Ғайни Алашбаева өз құқығын пайдаланып, жауап беруден бас тартты.

Перизат Қайрат ісі
Перизат Қайрат – Қазақстандағы қоғам белсендісі әрі кәсіпкер. Ол 2021 жылғы маусымда құрылған қайырымдылық қордың негізін қалаушы және басшысы ретінде танымал.

2024 жылғы қарашада Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында жиналған болатын. Тергеу мәліметінше, қаражаттың бір бөлігі жеке мақсаттарға – жылжымайтын мүлік, автокөлік және қымбат шетелдік сапарларға жұмсалған.

Сондай-ақ Перизат Қайраттың қор қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дос-жарандары мен туыстарын тартқаны және оларға бұл қызметтері үшін сыйақы төлегені де айтылған.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Перизат Қайрат #сот #прокурор #жымқыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);