Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Прокуратура референдум қарсаңында заң талаптарын с...

Прокуратура референдум қарсаңында заң талаптарын сақтауға шақырды

Референдум Бүгін 13:58 91
Прокуратура референдум қарсаңында заң талаптарын сақтауға шақырды
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов, видео кадры

Бас прокуратура 15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысының 2026 жылғы 11 ақпандағы №1170 Жарлығына сәйкес 15 наурыз күні «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал бойынша республикалық референдум өтеді.

Қазір азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер референдумға байланысты үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес үгіт жүргізу 2026 жылғы 14 наурыз сағат 00:00-де аяқталады.

Осыған байланысты 14 және 15 наурыз күндері, яғни референдум қарсаңындағы күні мен дауыс беру күні үгіт жүргізуге толық тыйым салынады.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, референдум нәтижелеріне болжамдарды, референдумға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға жол берілмейді.

Референдум күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады (Конституциялық заңның 7-1-бабы және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы).

Бұл құқықтық талаптарды бұзу кінәлі тұлғалардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуына әкеп соғады.

Нақты айтқанда, 2026 жылғы 14 және 15 наурызда үгiтті жүргізгені үшін, яғни оған тыйым салынған кезеңде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК)102-бабы бойынша жауаптылық туындайды.

Қоғамдық пікірге сауал салудың нәтижелерін жариялағаны немесе референдум күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте оны жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 120-бабының 2-бөлігі бойынша жауаптылық көзделген.

Мазмұндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында референдумға қатысатын барлық азаматтарды аталған заңнама талаптарын қатаң сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды

Бүгін 15:08

Референдум күні ОРК әр екі сағат сайын тікелей эфирге шығады

Бүгін 15:06

Дубайдың қақ ортасында жарылыс болды: қаржы орталығының ғимараты зақымданды

Бүгін 14:49

Референдум 2026

Бүгін 14:41

“Акция”, “жеңілдік”, “соңғы мүмкіндік”: адамдарды ойланбай сауда жасауға не итермелейді?

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика