Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Прокуратура LRT ісіндегі негізгі күдіктілерді терг...

Прокуратура LRT ісіндегі негізгі күдіктілерді тергеуге шақырту туралы ақпарат жариялады

Әлеумет 14.01.2022, 12:21 1,076
Прокуратура LRT ісіндегі негізгі күдіктілерді тергеуге шақырту туралы ақпарат жариялады
Inform.kz

Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының ведомствоаралық жедел тергеу тобы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы болған Т.Н. Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» LRT, BRT/ITS жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Құзырлы органның мәліметінше, тергеу барысында жиналған дәлелдемелер күдікті Қ.Т. Сұлтанбековтің әрекеттерін саралауға мүмкіндік туындаған.


Яғни оған ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы редакциясындағы (бұдан әрі - ҚК) 176-бабы (ұйымдасқан топ құрамындағы қызмет жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлау), 235-бабы (бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару) және қолданыстағы ҚК-нің 189-бабы (ұйымдасқан топ құрамындағы қызмет жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлау) бойынша айып тағылмақ. Ал Т.Н. Арданның заңсыз әрекеттері 1997 жылғы Қылмыстық кодекстің 176-бабы (ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлау), 262-бабы (қызмет бабын пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) және 189-бабы (ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлау) бойынша сараланған.


ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі-ҚІЖК) 206-бабының 1-бөлігіне сәйкес, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жарияланады. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмеген жағдайда қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялануы мүмкін.


Күдікті делініп отырған Қ.Т. Сұлтанбеков пен Т.Н. Арданның Қазақстан Республикасы аумағынанан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты қала прокуратурасы ҚІЖК-нің 206-бабының 8-бөлігін басшылыққа ала отырып, прокурордың келісімімен оларға тағылатын айыпты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыр. Қаулыларды жариялауға және қажетті тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысу үшін күдікті Қ.Т. Сұлтанбеков пен Т.Н. Ардан Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының Нұр-Сұлтан қаласы Қабанбай батыр даңғылындағы әкімшілік ғимаратына келуі қажет. Күдіктілер тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны өз бетінше шақыруға не қылмыстық процесті жүргізетін органнан қорғаушы сұрауға құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 68-бабы). Егер қорғаушыны күдіктілер немесе олардың заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚІЖК-нің 67-бабы).


Күдіктінің тергеуге белгіленген мерзімде келуіне кедергі келтіретін себептер болса, сондай-ақ, күдіктінің немесе олардың мүдделерін белгіленген тәртіппен қорғайтын адамдардың прокурордан немесе сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамнан қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі туралы өтінішхатты мәлімдеу туралы ниеті болса, қылмыстық қудалау органын алдын ала хабардар етуі қажет.


Бұған дейін күдіктілер Қ.Т.Сұлтанбеков пен Т.Н. Арданды Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы жауап алу үшін биылғы 12 қаңтарғаа шақыртқан. Алайда олар белгіленген уақытта келмеген және келуге кедергі келтіретін себептер туралы хабарламаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика