AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Президенттің жолдауы әділетті Қазақстан құруға жол...

Президенттің жолдауы әділетті Қазақстан құруға жол ашады - сарапшы

Жолдау Бүгін 09:03 79
Президенттің жолдауы әділетті Қазақстан құруға жол ашады - сарапшы
Видеодан кадр

Мемлекеттік саясаттың жүйелілігі ерекше маңызға ие, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы елде жүргізіліп жатқан реформаның жүйелілігін көрсетіп, мемлекеттік саясат азаматтардың мүддесіне бағытталған әділетті Қазақстан құру міндетін сақтап отыр.

Мемлекет басшысының жолдауындағы негізгі бағыттарға пікір білдірген саясаттанушы Жанерке Қайратқызы осылай деп мәлімдеді.

Сарапшының пікірінше, жолдаудың маңызды ерекшеліктің бірі – бұған дейін белгіленген міндеттердің сабақтастығы. Президент ұсынған жаңа бастамалар ел дамуының стратегиялық бағытын өзгертпейді, керісінше, олар басталған реформаларды одан әрі жалғастыруға бағытталған.

«Мен Президент саясатының жүйелілігін атап өтер едім. Бұл жүйелілік жолдаудан да айқын көрінеді. Біз бұған дейін алға қойған міндетті жүзеге асырып жатырмыз. Бұл – әділетті Қазақстан құру. Осы мақсатқа жету үшін қажетті шаралар қабылданады», – деді Жанерке Қайратқызы.

2026 жылғы 28 қазандағы жолдауында Мемлекет басшысы ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тағы да айқындады. Атап айтқанда, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жалғастыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесіне басымдық берілді. Бұл ретте жүргізіліп жатқан өзгерістердің түпкі нәтижесі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту болуы тиіс.

Саясаттанушы атап өткендей, мемлекеттік саясаттың жүйелілігі ерекше маңызға ие. Өйткені бұл реформалардың бірыңғай бағытын сақтап, бұрын белгіленген міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

«Жағдай өзгерген сайын алға қойған міндетті өзгерте бермейтінімізді түсіну керек. Біз бір мақсатқа – әділетті Қазақстан құруға бет алып бара жатырмыз. Менің ойымша, бұл мақсат халықты ұйыстыра түседі», – дейді сарапшы.

Жанерке Қайратқызының бағалауынша, мемлекет басшысының жолдауындағы маңызды басымдықтың бірі – реформалардың ортақ бағытын сақтау.

Сонымен қатар белгіленген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру елдегі барша азаматтың мүддесімен тығыз байланысты болуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба қаралды

Бүгін 10:28

Астанада университеттердің зерттеу әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін 10:24

Алматыда «Соғым FEST» тақырыптық жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:13

Түркістан облысында қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды

Кеше 22:00

Түркістан облысында 50 мың бас малға арналған Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды

Кеше 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);