AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инве...

Алматыда жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба қаралды

Алматы Бүгін 10:28 26
Алматыда жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба қаралды
Алматы әкімдігі

Шамамен 950 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың XVII отырысы өтті. Жиында жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба қаралды. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде шамамен 950 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Жобалар энергетика, өнеркәсіп және туризм салаларын қамтиды. Атап айтқанда, Түрксіб ауданында қуаты 37 МВт және жылу өндіру көрсеткіші 43 Гкал болатын жылу электр станциясын салу көзделген. Жаңа станция аудандағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу және электр қуатымен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өндіріс саласында үш жоба ұсынылды. Оның бірі Жетісу ауданында сусын өндіретін зауыт салу. Қалған екеуі Алматының Индустриялық аймағында жүзеге асырылады. Олар суды толық циклмен тазарту жүйелерін өндіретін кәсіпорын және талшықты-оптикалық кабель шығаратын зауыт.

Сонымен қатар күн тәртібіне қонақ үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жеті жоба енгізілді. Олардың қатарында халықаралық брендтермен жұмыс істейтін қонақ үйлер де бар.

Жиын соңында Дархан Сатыбалды тиісті басқармалар мен аудан әкімдеріне жобаларды жүзеге асыруда инвесторларға қажетті қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге барлық бастаманың заңнама талаптарына сәйкес келісу рәсімдерінен өтіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуы қажеттігін ескертті. Қала әкімдігі өз құзыреті шеңберінде инвесторларға қолдау көрсетуге және туындаған мәселелерді жедел шешуге көмектесуге дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада университеттердің зерттеу әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін 10:24

Алматыда «Соғым FEST» тақырыптық жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:13

Президенттің жолдауы әділетті Қазақстан құруға жол ашады - сарапшы

Бүгін 09:03

Түркістан облысында қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды

Кеше 22:00

Түркістан облысында 50 мың бас малға арналған Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды

Кеше 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);