AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Астанада университеттердің зерттеу әлеуетін дамыту...

Астанада университеттердің зерттеу әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды

Білім және ғылым Бүгін 10:24 31
Астанада университеттердің зерттеу әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды

Университеттердің білім берудегі рөлінің өзгеруіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.  

III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өз жұмысын жалғастырды. «Жоғары білімнің болашағы: ғылым, инновациялар және жаһандық серіктестік» панельдік сессиясында шетелдік университеттер мен ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері жоғары білім беру жүйесін жаңғырту, ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту және болашақ экономикаға қажетті мамандар даярлау мәселелерін талқылады.

Пікірталасқа Халықаралық стратегиялық серіктестер кеңесінің (ISPC) бас хатшысы, профессор, доктор Олгун Чичек модераторлық етті. Қазақстанның еуропалық зерттеу бастамаларына, соның ішінде Horizon Europe бағдарламасына қатысу перспективалары және Еуропалық зерттеу кеңістігімен (ERA) өзара іс-қимылы негізгі тақырыптардың бірі болды. Қатысушылар ғылыми байланыстарды кеңейту және ел ішіндегі зерттеулерді бірлескен халықаралық жобаларға ұластыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Университеттердің білім берудегі рөлінің өзгеруіне ерекше назар аударылды. Бүгінде білім берумен қатар студенттерді зерттеу жұмыстары арқылы оқытудың маңызы артып келеді. Осыған байланысты жастарды ғылыми қызметке тарту, олардың зерттеу құзыреттерін дамыту және болашақ экономикада сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сессияға TUM International бас директоры Фридерике Хеттингер қатысты. Бохумдағы Рур университетінің өкілі Елена Реш «Жоғары білім мен ғылыми зерттеулер экожүйесінің трансформациясы: Рур университетінің Орталық Азия және Оңтүстік Кавказбен тұрақты серіктестік орнату тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Ол университеттер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту тәжірибесін таныстырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба қаралды

Бүгін 10:28

Алматыда «Соғым FEST» тақырыптық жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:13

Президенттің жолдауы әділетті Қазақстан құруға жол ашады - сарапшы

Бүгін 09:03

Түркістан облысында қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды

Кеше 22:00

Түркістан облысында 50 мың бас малға арналған Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды

Кеше 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);