Партия ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
ҚР Құрылтай депутаты Нұрайнаш Қамалова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында инфрақұрылымды дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыратын маңызды міндет айқындалғанын айтады. Жолдауда әлеуметтік қолдауға, соның ішінде ең төменгі жалақы мөлшеріне көп көңіл бөлінген.
«2027–2029 жылға арналған бюджетті қарау барысында біздің партия ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Бұл бастаманың жолдауда қолдау тапқанына қуаныштымыз. Бұл – азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасайтын маңызды қадам», – дейді депутат.
Ендігі міндет – жолдауда айтылған бастамаларды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар деңгейінде де іс жүзінде жүзеге асыру екенін жеткізді.