Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Үкіметті сынға алды: жүк авиациясы бойын...

Президент Үкіметті сынға алды: жүк авиациясы бойынша тапсырма орындалмай отыр

Әлеумет 20.01.2026, 14:01 226
Президент Үкіметті сынға алды: жүк авиациясы бойынша тапсырма орындалмай отыр
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтай отырысында жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру жөнінде бұған дейін берілген тапсырманың тиісті деңгейде орындалмай жатқанын айтып, Үкіметтің шешімін сынға алды.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның жаһандық логистика картасынан лайықты орын алуы үшін жүйелі ұмтылыс пен нақты әрекет стратегиясы қажет. Осыған байланысты Үкіметке авиация саласында, әсіресе жүк авиациясы бағытында нақты нәтижеге қол жеткізу міндеті қойылған.

– Менің ойымша, еліміздің осы уақытқа дейін әуедегі жүк тасымалының еуразиялық орталығына айналмауы – кешірілмейтін кемшілік. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – абсурд, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкіметтің жуықта қабылдаған шешімі бұл мәселені одан әрі ушықтырғанын атап өтті. Оның айтуынша, жүк тасымалдайтын мемлекеттік әуе компаниясын құруға қатысты қате шешім қабылданып, бұл міндет «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жүктелген.

– Үкімет жүк тасымалдайтын мемлекеттік әуе компаниясын құру мәселесінде дұрыс емес шешім қабылдады. Егер тапсырманы орындай алмасаңыздар, бұл мәселені жеке құрылымдарға тапсырыңыздар, – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жақында өткен кеңейтілген жиналыста бұл бағыттағы басты кедергілердің бірі – авиациялық отын бағасы екені анықталғанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстандағы авиакеросин құны көрші елдердің әуежайларымен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз.

– Шикі мұнай өндіретін елдің авиакеросин бағасы бойынша мұнай өндірмейтін мемлекеттермен бәсекеге түсе алмауы – ақылға сыймайды. Бұл да абсурд емес пе? – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкіметке жүк авиациясы саласындағы түйткілдерді жедел шешіп, нақты нәтиже көрсету қажеттігін қадап айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Ұлттық құрылтай #үкіметке сын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін 20:24

Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді

Бүгін 18:34

Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін 18:31

Саясатта 17%, ғылымда 51%, кәсіпкерлікте 48%: Қазақстандағы әйелдер үлесі қанша?

Бүгін 18:17

Мәжіліс төрағасы әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі