AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жат...

Президент Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді

Саясат 16.02.2022, 07:40 1,897
Президент Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді
Сурет: Akorda.kz.

Аймақ әкімі атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы Түркістан облысында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.


Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі былтыр, 2020 жылмен салыстырғанда, 4,7 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығы саласында 906,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 101,7 пайызды құраған. Бұл нәтиже облыстың республикадағы үлесі бойынша екінші орынға шыққанын көрсетеді. Аймақ әкімі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 315 жоба қаржыландырылғанын айтты.


Президентке өңірдегі құрылыс қарқының артқаны туралы мәлімет берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі, 2020 жылмен салыстырғанда, 4,1 пайызға артқан. Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып, әлеуметтік инфрақұрылымның негізі қаланғанын жеткізді. Оның айтуынша, облыстың 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілген.


Облыс әкімі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Сайрам ауданында жүзеге асырылған «Парасат» пікірталас клубы пилоттық жобасы туралы баяндады. Аталған жоба облыс, аудан, аймақтағы күштік құрылым басшыларының тұрғындармен кездесулерін, ашық әңгімелесулерін қамтамасыз етеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға бере отырып, қолға алынған жобаларды жалғастыруды және халықпен тығыз жұмыс істеуді күшейтуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #әкім #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);