AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Тоқаев министр Тұрғымбаевқа объективті...

Президент Тоқаев министр Тұрғымбаевқа объективті тергеу жүргізуді тапсырды

Саясат 17.02.2022, 11:59 1,789
Президент Тоқаев министр Тұрғымбаевқа  объективті тергеу жүргізуді тапсырды
Сурет: Akorda.kz.

Президентке еліміздегі құқықтық тәртіпті қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінде 2739 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Атап айтқанда, ұрлық, заңсыз қару сату, өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру және басқа да деректер бойынша іс қозғалған. Қазіргі уақытта 271 адам қамауда отыр. Олардың 196-сы - бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар.


Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тергеу барысында азаматтардың құқықтары сақталады. Қылмыс құрамына байланысты, қоғамнан оқшаулауға жатпайтын 103 азамат тергеу изоляторларынан босатылды. Тағы 200-ден астам күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алу немесе кепілдік қою бойынша шаралар қабылданып, тергеу изоляторларына қамамауға шешім шығарылған.


Министр Парламент Мәжілісінің депутаттарына, қоғамдық-бақылау комиссиялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне тергеу изоляторларына кіруге мүмкіндік берілгенін жеткізді.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының дағдарыс жағдайларына дайындығын арттыруға, күштік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмін қайта қарауға бағытталған шаралар туралы мәлімет берілді.


Президент Ішкі істер министрлігіне елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұсталған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы қайғылы жағдайлардың себептеріне объективті тергеу жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрбан айт күндері тазалықты бақылауды күшейтеді

Бүгін 15:46

Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады

Бүгін 15:44

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 14:52

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);