AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бей...

Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Саясат 26.12.2022, 15:03 1,411 Almaty-akshamy
Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Сурет: Ақорда

ТМД-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін іске асыруға ерекше назар аударылды.


Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Достастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.


Мемлекет басшысы Санкт-Петербургте өтетін мемлекеттер басшыларының кездесуі ТМД аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасуға және келешекте атқарылатын міндеттерді айқындауға жақсы мүмкіндік беретінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ТМД-ға төрағалығы аясында Достастықтың әлеуетін күшейту үшін бірқатар нақты шара қабылдағанын атап өтті.



– Жыл бойы 80-нен астам ірі шара өткізілді. Экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, тығыз гуманитарлық байланыстарды сақтауға және Ұйымның беделін арттыруға бағытталған көптеген бастама жүзеге асырылды. Біздің бірлескен күш-жігеріміз қазан айындағы Астана саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған құжаттарда айқын көрінді. Жыл бойы, ең алдымен, ТМД-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін іске асыруға ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстар табысты болды. Қазақстанның ТМД-ға мүше мемлекеттермен арадағы тауар айналымы қаңтар-қазан айларында 11 пайызға артып, шамамен 30 миллиард долларға жетті. Былтыр осы кезеңде 26,5 миллиард доллар болды. Өсім шамамен 5 миллиард долларды құрады. Бұл – жақсы үрдіс, – деді Мемлекет басшысы.



Президент ішкі өңірлік сауда-саттықтың қарқынын сақтап, экономикалық саясатты қазіргі жағдайларға бейімдеу маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының назарын мынадай өзекті міндеттерді шешуге аударды.



– Сауда-саттыққа қолайлы жағдай жасауға баса мән беру керек. Ол үшін тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою, протекционизмге жол бермеу жұмыстарын жан-жақты жүргізген жөн деп есептейміз. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты іс-әрекеттерді жолға қою қажет. Келесі жылы Астанада өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер министрлерінің конференциясы осы салада ортақ тәсілдер қарастыруға арналады. Осы саладағы министрлер белсенді қатысады деп сенеміз. ТМД кеңістігінде көлік-логистикалық жобалардың тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастықтың жаңа механизмдері мен форматы керек. Осы тұста «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің маңызы артып отыр, сондай-ақ «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жолы маңызды көлік бағыты ретінде зор рөл атқарады, – деді Президент.



Мемлекет басшысы қауіпсіздік саласындағы іс-әрекеттерді келесі маңызды бағыт ретінде атап өтті. Қазақстан төрағалығы аясында қабылданған 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық бағдарламасы бұл міндеттерді атқаруға толық сай келеді.



– Ұйымды қазіргі жаһандық жағдайларға бейімдеу үшін оның әлеуетін үнемі жетілдіріп, Достастықтың халықаралық аренадағы беделін күшейтуге тура келеді. Жақын арада ТМД жанындағы Бақылаушы және Достастықтың серіктесі институттарын құруға қатысты құжаттарды әзірлеу жұмыстары басталады. ТМД кеңістігінде ортақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық және тілдердің қолданыс аясын кеңейту ісінің мәні зор. Санкт-Петербургке Достастықтың 2023 жылғы Мәдени астанасы ресми мәртебесін беру ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Садыр Жапаровқа Қырғыз Республикасының ТМД-ға алдағы төрағалығына табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТМД #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);