Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жин...

Президент Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанымен танысты

Билік 07.09.2021, 08:38 1,473
Президент Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанымен танысты
Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылындағы «Сервис Жарс» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы алқабына барудан басталды.


Мемлекет басшысы кәсіпорынға қарасты егістік жерлердің жағдайымен танысып, егін жинау жұмыстарына пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникаларын көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Akorda.kz-ке сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жетекшілерімен және механизаторлармен әңгімелесу барысында биылғы Жолдауында бұл сала бойынша тиісті міндеттер жүктегенін еске салды.



«Біз субсидия саласындағы саясатымызды жетілдіріп, реттеуіміз керек. Аталған мәселеге Жолдауымда арнайы тоқталдым. Бұл жерде бәрі айқын болуы керек. Болашақта субсидиялар мүлдем жойылып, оның орнына пайызы төмен несиелер болады деген пікір бар. Алайда, қазіргі уақытта біз ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсетуіміз қажет», - деді Мемлекет басшысы.




Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев дайын әрі өңделген өнімнің, соның ішінде ұнның экспортқа шығарылу көлемі төмендегенін атап өтіп, қолайлы тариф саясаты қажет екеніне назар аударды.



«Біз дәстүрлі түрде Өзбекстан, Түрікменстан, Ауғанстан елдерінің нарығына ұн жеткіземіз. Жалпы Үкімет, Сауда минситрлігі тарифті реттеу мәселесімен нақты айналысуға тиіс. Үкімет келешекте астыққа экспорт салығын енгізу мәселесін көтеріп отыр. Бірақ, қазір қалыптасқан ахуалды ескере отырып, бұған әлі ерте деп ойлаймын. Сондықтан тауар өндірушілерге, әсіресе ұн шығаратын кәсіпкерлер үшін субсидия механизмін қайта іске қосуымыз керек. Біз қосымша құнының деңгейі жоғары дайын әрі өңделген өнімдерді экспорттауға тиіспіз», - деді Президент.




Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін озық техникамен қамтамасыз ету қажет екеніне назар аударды.



«Үкімет ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін осындай техникалармен қамтамасыз етуге көмек беруі керек. Егер заманауи техника болмаса, біздің ауыл шаруашылығымыз дамымайды. Бұл – анық дүние. Сондықтан Үкімет менің тапсырмам бойынша тиісті жұмыстарды жалғастырады. Екіншіден, бұл техникалар ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қол жетімді болуы керек. Несиеге қатысты саясат жалғаса береді. Несие мөлшері төмен болуы тиіс. Мен бұл мәселеге баса мән беремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Бұдан бөлек Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың есебін тыңдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #солтүстік #Қазақстан #облыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика