AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент соғыс ардагері Иван Гапичпен және өлкета...

Президент соғыс ардагері Иван Гапичпен және өлкетанушы Жайсаң Ақбаймен кездесті

Әлеумет 09.03.2023, 19:46 795 Almaty-akshamy
Президент соғыс ардагері Иван Гапичпен және өлкетанушы Жайсаң Ақбаймен кездесті
Сурет: Ақорда

Президент 96 жастағы жергілікті өлкетанушы, мәдениет қайраткері Жайсаң Ақбаймен де әңгімелесті


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 100 жасаған соғыс ардагері Иван Гапичпен және 96 жастағы өлкетанушы Жайсаң Ақбаймен кездесіп, әңгімелесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс ардагері Иван Гапичтің үйіне барып, 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Президент оның өмір жолы халыққа қызмет етудің, ерен еңбектің, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі саналатынын атап өтті.



"Бұл жасқа жету екінің бірінің маңдайына жазылмайды. Оның үстіне сіз Ұлы Отан соғысына қатыстыңыз. Біз майдан даласында болған соғыс ардагерлеріне зор құрметпен қараймыз. Соғыстан кейінгі жылдары елге оралып, прокуратура органдарында еңбек етіп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қостыңыз. Сізге алғыс айтамын", – деді Мемлекет басшысы.



Иван Гапич 1923 жылы Ақмола облысында дүниеге келіп, Алматыда білім алған. Ол майдан даласында Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Соғыстан кейінгі жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарып, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында ұзақ жыл еңбек етті.



Сонымен қатар Президент 96 жастағы жергілікті өлкетанушы, мәдениет қайраткері Жайсаң Ақбаймен де әңгімелесті.



"Сіздің еңбек жолыңыз – көпшілікке үлгі-өнеге. Партияда, мемлекеттік қызметте еңбек еттіңіз. Отандық мәдениет саласын дамытуға елеулі үлес қостыңыз. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Жайсаң Ақбай Батыс Қазақстан облысының білім және мәдениет салаларында ұзақ жыл еңбек еткен. Сондай-ақ ол өңірде өлкетанушылық қызметімен танымал.


Соғыс ардагері Иван Гапич пен еңбек ардагері Жайсаң Ақбай Президентке алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Ардагер #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);