AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күнді...

ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күндік цирк мерекесі

Мәдени Алматы Бүгін 17:42 48
ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күндік цирк мерекесі

Алматыда Қала күніне орай 18-20 қыркүйек аралығында Қазақ мемлекеттік циркінің ауқымды жобасы – ALMA-FEST CIRCUS өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Үш күнге созылған мерекелік іс-шара барысында Алматы циркі қала тұрғындары мен қонақтарына шапито форматындағы жарқын бағдарламасын ұсынды. Мерекелік алаң Наурызбай ауданындағы №221 мектептің жанында ұйымдастырылып, үш күн бойы көрермендер назарына әсерлі цирк қойылымдарын тамашалады.

ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арнайы дайындалған Алматы циркінің мерекелік жобасы. Жобаның басты мақсаты – қала тұрғындарына мерекелік күндерді нағыз цирк атмосферасында өткізуге, кәсіби цирк өнерін тамашалауға және отбасымен бірге жарқын әсер алуға мүмкіндік беру.

Жоба аясында бір аренада Қазақстан, Ресей және Украинадан келген кәсіби цирк артистері өнер көрсетті. Олардың қатарында халықаралық цирк өнері фестивальдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ кәсіби аренада мол тәжірибе жинаған өнерпаздар болды.

Бағдарлама цирк өнерінің сан алуан жанрын қамтыды. Көрермендер әуе гимнастикасын, акробатиканы, эквилибристиканы, гимнастикалық нөмірлерді, сондай-ақ үйретілген иттердің қатысуымен өткен қойылымдарды тамашалады. Күрделі трюктер, әсерлі қойылымдар мен артистердің жоғары шеберлігі бағдарламаның мазмұнын байытып, оның динамикалық сипатын айқындай түсті.

ALMA-FEST CIRCUS жобасының арнайы қонақтарының бірі белгілі артист әрі клоун Мұрат Мұтырғанов болды. Оның өнер көрсетуі бағдарламаның ең жарқын сәттерінің біріне айналып, көрермендерге, әсіресе кішкентай қонақтарға, күлкі, қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

18, 19 және 20 қыркүйек күндері ALMA-FEST CIRCUS шапитосы түрлі жастағы көрермендерді қабылдады. Көптеген отбасы үшін бұл күндер жақындарымен бірге уақыт өткізуге, балаларға жаңа әсер сыйлауға және оларды заманауи цирк өнерінің сан қырлы әлемімен таныстыруға мүмкіндік берді.

Жобаның Наурызбай ауданында өткізілуі кәсіби цирк өнерін аудан тұрғындарына жақындатып, қалалық ортада қолжетімді мәдени кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Үш күн бойы ALMA-FEST CIRCUS көрермендерге жарқын эмоция, ұмытылмас әсер, күлкі мен зор қошемет сыйлады. Әр қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, артистерге көрсетілген қолдау мерекелік атмосфераны одан әрі жандандыра түсті.

ALMA-FEST CIRCUS Алматы күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бір бөлігіне айналып, әр буын өкілдерін бір аренада тоғыстырды. Көрермендер өнер мен мәдениетке, цирктің ерекше әлеміне бойлай отырып, қаланың туған күнін жақындарымен бірге мерекелеуге мүмкіндік алды.

Үш күндік мерекелік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсер мен есте қаларлық сәттер сыйлап, Алматының мәдени өміріндегі айтулы жобалардың біріне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Цирк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін 17:46

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:30

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:23

АРЛАН ЖАНАБАЙ ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Бүгін 15:17

Қала күніне орай Алматы музейлерінде «Ашық есік күні» акциясы өтеді

Бүгін 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);