конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Билік 03.07.2022, 04:30 1,434
Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен  құттықтады
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. Құттықтаудың толық мәтінін жариялап отырмыз.


***


Құрметті отандастар!


Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Бұл – еліміз үшін ерекше мейрам. Оны ел болып атап өту арқылы халқымыздың рухын көтеріп, танымын арттырамыз. Сондай-ақ, ұлы дала дәстүрлерін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, төл өнеріміздің құдіретін танытамыз.


Шын мәнінде, қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Оның үні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын. Өйткені, қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым. Академик Ахмет Жұбанов «Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі» деп бекер айтпаған. Қастерлі аспаптың қос ішегіне халқымыздың бүкіл болмысы сыйып тұр.


Сонау Кетбұғадан бері жалғасып келе жатқан дәулескер күйшілеріміздің мол мұрасы – баға жетпес рухани байлығымыз. Біз төл өнерімізді дәріптеу арқылы асыл құндылықтарымызды ұлықтай түсеміз.


Қазір Жаңа Қазақстанды құруға кірістік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды қолға алдық. Өркениетті ел болу үшін жаңа дәуірдің жақсы үрдістерін бойға сіңіру жеткіліксіз. Сонымен бірге, салтымызды сақтап, еңбекқорлық құндылықтарын кеңінен дәріптеп, бабалар жолын берік ұстанамыз.


Ендеше, жұртымызбен бірге домбыра да мәңгі жасайды. Күй өнері азаттық рухын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырады.


Домбыра әр шаңырақтың төрінде тұрсын!


Еліміздің мерейі тасып, абыройы асқақтай берсін!




Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #домбыра күні #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ашықтық пен азаматтардың қатысуы артады»: халықаралық сарапшы Қазақстан Құрылтайының реформасын жоғары бағалады

Бүгін 22:27

ӘЧ жұлдызы Возинья жаңа клуб тапты: Кабо-Верде қақпашысы Чилиге ауысады

Бүгін 16:45

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді

Бүгін 15:19

Көкшетауда көлік жуу кешенінде 18 жастағы жігіт тоқ соғып, көз жұмды

Бүгін 14:29

Әмірліктерде жүрген қазақстандықтар ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалана алады

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);