AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингін...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады

Саясат 04.03.2022, 10:51 2,184
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Сурет: Akorda.kz


Өткен жылы 2021 жылы 130 мыңға жуық отбасының баспана сатып алған


Мемлекет басшысына холдингтің былтырғы атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 


Қанат Шарлапаевтың айтуынша, 2021 жылы 37 ірі жобаға 533,2 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген және 7 жоба іске қосылған. 57,4 мың шағын және орта бизнес субъектісіне 2,2 триллион теңге көлемінде қаржылай көмек берілген. Сонымен қатар отандық тауар экспорттаушыларды қолдау үшін 236,8 миллиард теңге бөлінген.


Президентке ұсынылған мәліметтерге сәйкес, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында жалпы құны 464,2 миллиард теңге болатын 26 мыңнан астам қарыз берілген.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы 130 мыңға жуық отбасының баспана сатып алғаны немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқаны жөнінде баяндалды. Сонымен қатар биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 458 мың салымшы 1,97 триллион теңгеден астам қаржы көлемінде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған.


Қанат Шарлапаев Мемлекет басшысының «Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамын реформалау және оның менеджмент құрамын өзгерту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжейлі баяндады.


Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін пәтер жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігін енгізу жөніндегі холдингтің биылғы жылға арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында жұмыс орындарын ашуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мәселесі де талқыланды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қабылдау #Ақорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);